ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Октябрь 26, 2016, 12:25 101 0

«Тәуелсіздікке 25 жыл: аймақтағы үкіметтік емес сектордың дамуы мен келешегі». Бүгін осындай атаумен Оралда кеңейтілген форум өтті. Шараға өңір аудандары мен облыс орталығындағы ҮЕҰ, мемлекеттік орган және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Форум аясында түске дейін секциялық бөлімдер жұмыс істеп, түстен кейін пленарлық отырыста өңірдегі қоғамдық ұйымдардың жай-күйі, түйіткілді мәселелері мен алдағы міндеттері талқыланды.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ kulginov

Азаматтық қоғам құруда үкіметтік емес ұйымдардың орны ерекше. Олардың қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудегі маңызы ескеріліп, жылдан жылға қаржыландыру көлемі еселеніп  келеді. Мәселен, 2013 жылы бұл салаға 153 млн теңге бөлінсе, 2016 жылы – 475 млн теңге қаржы қаралды. Биыл өңірде 14 бағыт бойынша 160 әлеуметтік жоба жүзеге асырылыпты.

Өңірде 660 ҮЕҰ ресми тіркелген. Соның тек 100-і ғана белсенді қызмет етіп келеді. Яғни қоғамдық ұйымдардың дені қағазда аты бар да, заты жоқ. Бұл мемлекет қаржысының игерілуі мен жұмсалуына күмән келтіруге түрткі болады. Мұны түбегейлі қайта қаруымыз керек деген Батыс Қазақстан облысының әкімі АЛТАЙ КӨЛГІНОВ азаматтық сектордағы өзге де түйіткілді мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдармен бірігіп жұмыс істеуге немқұрайлылығы.

- ҮЕҰ қолдау мақсатындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты өңірде тек үш мем мемлекеттік орган атқарады – ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту басқармалары. Бұл аз. Сондықтан бұл іске мәдениет, спорт, дін істері, білім, және кәсіпкерлік басқармалары атсалысуы тиіс. Сондай-ақ өңіраралық кооперациялар саласында ҮЕҰ арасында әріптестікті нығайту қажет.

ҮЕҰ меморгандармен тығыз жұмыс істеп, халық пен билік арасында алтын көпір болуы тиіс. Сонда ғана қоғамдағы өзекті мәселерді бірігіп шешуге қол жеткізілмек. Мәселен, құрылғанына үш жыл болған «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы ұзақмерзімді стратегияның жүзеге асуына тікелей атсалысып келеді. Бұл туралы қозғалыс кеңесінің төрағасы МҰХТАР МАНКЕЕВ баяндады.

Қоғамдық ұйымдарға көтеруі тиіс мәселе көп. Жиында облыс басшысы ПИК жұмысын жақсарту, жастардың тәртіпсіздігіне қоғамның бей-жай қарамауын реттеу, дін саласы, туризмді дамыту секілді бағыттарды ұсынды. Ал ҮЕҰ-ң жаңа жобаларын енді грант бөлудегі ұлттық оператор - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қаржыландырмақ.

Негізінде ҮЕҰ жайдан-жай құрылмайды. Тәуелсіздік таңы атар тұста қоғамдық ұйымдар саяси қажеттіліктерге орай туындады. Оған мысал ретінде «Азат» қозғалысын атап өтуге болады. Сол секілді «Арту» ұйымы да енді-енді қаз тұрып келе жатқан егемен елдің мемлекеттік жүйесін қолдау үшін құрылды. Аудандық қоғамдық ұйымдар да ауыл-аймақтағы жұртшылықты алаңдатқан мәселелерге үн қосып келеді.

Отырыстың орта тұсында сұрақ-жауап форматына көшті. ҮЕҰ өкілдері ақпараттық-ресурстық орталық құру үшін ғимарат қажет екендігін атап өтті. Ол форумды қорытындылаған А.Көлгінов көкейтесті мәселелерді шешу үшін қоғамдық ұйымдармен әрі қарай да қоян-қолтық жұмыс істеуге әзір екендігін білдірді. Жиын соңында қоғамдағы белсенді қызметімен көзге түскен ҮЕҰ өкілдері облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды. Бүгінгі басқосу жұмысының қорытындысы 25 қарашада Астанада өтетін республикалық форумға жіберіліп, өңірдегі үкіметтік емес сектордың дамуы тілге тиек етілмек.

Форум аясында түске дейін үш секциялық бөлім жұмыс істеді. Қоғамдаға әр түрлі сала бойынша қызу пікірталасты қамтыған шарада түрлі тақырып қаузалды.

Новости партнеров

Акерке Абишева

Marat

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Октябрь 26, 2016, 12:25 0 101 Версия для печати

Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->
Последние новости