Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды 

Август 01, 2017, 16:19 895 0

Шілденің 31-інде Астана қаласындағы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Батыс Қазақстан облысының күндері басталды.

Новости Уральск - Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды 

Бір аптаға созылатын ауқымды шарада өңірдің жетістігі, дамуы мен келешегі таныстырылып, инновациялық жобалардың тұсауы кесіледі.

Ару Жайықтан ерке Есілге сәлем бере келген жерлестеріміз астаналықтарға бар жақсысын ұсынбақ. Бес күннің ішінде қолөнер шеберлері мен суретші-мүсіншілердің көрмесі, Оралдағы қос театр майталмандарының сахналық туындылары, өнер ұжымдарының концерті, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, өзге де танымдық-мәдени шаралар ел назарына ұсынылады.Төрткүл дүние көз тіккен көрмеге Батыс Қазақстан облысынан 600-дей делегат келді. Дені мәдениет саласының майталмандары.- Соның ішінде үлкен ұжым болып Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония, облыстық қазақ драма театры, Островский атындағы театр бар. Облыс күні 4 тамыз күні кешкісін ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда өтетін гала-концертпен қорытындыланады. Бұл күні біздің үш оркестр, үш би ансамблі қатысып, сонымен қатар кеш қонақтары, жерлестеріміз – Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, әнші Дәурен Сейітжанов болады. Және кеш жүргізуші шоумен Тұрсынбек Қабатов болады, - деп түсіндірді бізге БҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира ҚАУЛАНОВА.Алдымен, Астанаға ат арылтып келген – халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері болды. Этноауылға жайғасқан қолөнер шеберлері мен суретші-мүсіншілер үздік туындыларын көрмеге қойып, келушілердің ыстық ықыласына бөленуде. Солардың бірі ағаш ұстасы Аслан СЕРІКБАЕВ.- Біздің батыс жақта негізінен мынадай қозықұйрық деп аталатын домбыралар жасалған. Мына Арқа жаққа кеңінен таныстырылсын деген бағытта алып келдік.

Қамшылар да бар. Мысалы, мынау төрт өрім, сабы тобылғыдан жасалған қарапайым қамшы. Домбыраны қоятын ағаш тұғырды да жасап әкелдік, - дейді шебер.Этноауылдағы бұл кереметтерді көрген шетелдік мейман, Біріккен Араб Әмірліктері елінің тұрғыны Абдулуахаб АБДУЛ та таңдасын жасыра алмады. - Мен Қазақстанды бұрын өзгеше елестетуші едім. Қазір осында келіп, бүкіл көзқарасым өзгерді. Сіздің ел бай тарихы, өзіндік салт-дәстүрі бар ерекше мемлекет екен. Мінекей, этноауылды аралап жүрмін. Керемет. Бәрі де ұнады. Ал облыстық тарихи-өлкетану музейі 400-дей жәдігер әкелген. «Жайықтың жауһар мұралары» атты музейлік көрмеде өлкенің тарихы мен шежіресінен сыр шертіледі. Музейдің көрмеге әкелген ең құнды жәдігері – «Алтын ханшайым». Жәдігер 2012 жылы Теректі ауданы Тақсай қорымынан табылған еді. Ауқатты әйел жерленген обадан 128 алтын әшекей бұйымы алынған. Мәселен, алтын білезіктер, алтын алқа, салпыншақ, жапсырмалар. Сондай-ық ханшайымның сабы алтындалған айнасы мен тарағы да бар.Көрмедегі тағы бір құнды дұниелер – Құрманғазы домбырасының көшірмесі.

Көрмені қызықтап келген келушілер өлке тарихына қанығуда. Құнды жәдігерлердің сырына үңіліп, өңірдің өткенімен танысты.Этноауылдағы бұл көрмелер тамыздың 9-ына дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ   облыс күндерін аясында «Қазанат» ипподромында көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қыз қуу секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыстар да ұйымдастырылады.

Арман КУРМАНГАЛИЕВ

Город

Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері басталды 

Август 01, 2017, 16:19 0 895 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости