БҚО әкімі "Өз бетінше тұратын үй" мекемесіне барып, тұрғындармен кездесті

Ноябрь 07, 2022, 15:00 10 0

Бұл туралы Ғали Есқалиев өзінің Facebook парақшасына жазды. 

БҚО әкімі "Өз бетінше тұратын үй" мекемесіне барып, тұрғындармен кездесті БҚО әкімі "Өз бетінше тұратын үй" мекемесіне барып, тұрғындармен кездесті

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтың айтуынша, маусым айында Орал қаласында кәсіпкерлердің ( ЖШС "Альтаир", "СКФ Наурыз", "АлияСервис", " ОтделСтрой", "Кульман" ж.т.б) көмегімен салынған "Өз бетінше тұратын үй" ашылған болатын. Аталған үй ашылған күні 12 адам келіп қоныстанса, қазір 14 адам өз бетінше тұрып жатыр. Олардың көпшілігі жас кезінен нейро- психиологиялық бұзылулары бар балаларға арналған арнайы мекемелерде тұрған. 18 жасқа толғаннан кейін олар арнайы әлеуметтік көмек көрсететін мекемелерге ауыстырылуы керек болатын. Алайда арнайы комиссияның шешімімен олардың қоғамдық ортаға оралу мүмкіндігі бар екендігі ескеріліп, өз бетінше тұратын үйге қабылданды.

Өңірде тұңғыш рет ашылған мұндай үй науқастарды қадағалайтын арнайы мамандармен де қамтылған. Олар пациенттерге әлеуметтік қолдау, өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыруға көмектесуде.

- Өңірімізде ашылған өз бетінше тұратын үйдің нәтижесін олармен бірге талқыладым. Кеше мен алғашқы оң нәтижелердің куәсі болдым. Атап айтсам, көп пациенттер мамандардың көмегінсіз өз бетінше тамақ дайындауды, кір жууды, автобустарды пайдалануды үйренді. Кейбіреулер өз қолдарымен жасалған өнімдерін Instagram арқылы сатуды бастапты. Бұл үй алдағы уақытта да біздің жіті бақылауымызда болады. Бүгінгі күні үйдің ауласында көкөністер мен шөптерді өсіруге арналған шағын жылыжай болса, қолөнер жабдықтарының тағы бірнеше түрі сатып алынды.
Сонымен қатар, 6 кәсіпкермен келісім жасалып, 7 адам жұмысқа орналасты. Бүгінде олар өз бетінше табыс табуда.
Өңіріміздегі белсенді азаматтық ұстанымы жоғары кәсіпкерлеріміз-"Постмэн "жарнама агенттігі" ЖШС (Боранбаев Ермек), "Нұралы" ЖК (Құсайынова Дамира), "Абатов Қуанжан" ЖК, "Жоламанова Ақтоты" жеке кәсіпкерлігіне шынайы алғысымды білдіремін. Біздің келесі кезеңіміз - осы үйдін тұрғындарын қоғамдық ортаға дайындап шығару. Үй директорының айтуынша, олардың кейбіреулері ата-анасына, отбасына оралмақ. Ал ата-анасы жоқ балалар үшін біз тұрғын үй мәселесінің шешімін қарастырамыз. Біз бұл ретте алдымен жұмыс берушімен сөйлесеміз. Егер ұзақ мерзімді еңбек шартына қол қою мүмкіндігі болса, "Отбасы банкі" арқылы жұмыстың жанынан шағын пәтер немесе үй алу мүмкіндігін қарастыруға болады. Сондай-ақ, бұл бағытта облыстық бюджет есебінен адам басына 1,5 миллион теңге сомасында тұрғын үй сертификаттарын беру көзделген. Бұл банкке алғашқы жарна жасау және жеңілдетілген несие алу үшін жеткілікті болуы керек, - деп Ғали Есқалиев өз парақшасында жазған.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.

Али ЖУМАНОВ

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

БҚО әкімі "Өз бетінше тұратын үй" мекемесіне барып, тұрғындармен кездесті

Ноябрь 07, 2022, 15:00 0 10 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость