БҚО әкімі жастармен кездесті

Октябрь 21, 2022, 20:00 7 0

Республика күні қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

БҚО әкімі жастармен кездесті БҚО әкімі жастармен кездесті

Өңір басшысы өз жұмысын кеңейтілген мүмкіндіктермен жалғастырып жатқан «Жастар бастамасын дамыту орталығының» қызметімен танысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Жеті қазына» жобасы аясындағы жас күйшілер байқауын тамашалады.
Алдымен облыс басшысы Ғ.Есқалиев пен университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қосалқы ғимаратта жұмысын бастаған «Жастар бастамасын дамыту орталығының» лентасын қиып, салтанатты рәсімін жасады. Қонақтар өнерлі, талантты, дарынды студент-жастарды даярлайтын «Жастар бастамасын дамыту орталығының» тың бастамаларымен танысып, жаңадан ашылған «Жастар бөлмесін», «Дыбыс режиссері» мен «Ұлттық музыкалық аспаптар» және гримдеу бөлмелерін, ұлттық және заманауи би залдарын, «Мәдениет және өнер» студиясын, «Жәңгір хан» спорт клубын аралады. Облыс әкімі жоғары кәсіби білім ала жүріп, өнер мен спортты жандарына серік еткен жастармен, спортшылармен аз-кем тілдесіп, өнерлерін көрді.

Бұдан әрі облыс басшысы «Жеті қазына» жобасының «Ұлы дала ғажайыптары» бағыты бойынша өткізілген «Күй – тектілік тереңі» атты жас күйшілер байқауын тамашалады. Байқауда алдымен сөз алған Ғали Нәжімеденұлы:

– Жәңгір хан университетінде жастардың бастамасын дамытуға арналған арнайы орталықтың болуы – көңіл қуантарлық жағдай. Еліміздің әр аймағында «Жеті қазына» жобасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатса, соның төрт бағытын осы университет қабырғасында жүзеге асыру да – жақсы бастама. Бүгін көптеген оңды өзгерістердің куәсі болдық. Облысымыздың ауылдарынан, өзге өңірлерден біздің қаламызға білім қуып келген студент-жастар бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып, өнер немесе спорт бойынша өзі қалаған іспен айналыса алады. Мен осы жоғары оқу орнынан білікті маман, еліміздің дамуына үлкен үлес қосатын тұлғалар шығарына сенімім мол, – дей келе, университет ұжымы мен білім алушыларды Республика күнімен құттықтады.

«Жеті қазына» жобасы аясындағы күйшілер байқауына бес институттың үміткерлері қатысып, жеке және топтық күй орындау шеберліктерін сынға салды. Еске сала кетсек, ел көлемінде бастау алған «Жеті қазына» жобасы алдағы жылдың наурыз айында қорытындыланады.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.

Али ЖУМАНОВ

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

БҚО әкімі жастармен кездесті

Октябрь 21, 2022, 20:00 0 7 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость