БҚО-да әр гектардан 16 центнерден астық жиналуда

Сентябрь 06, 2022, 10:00 23 0

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мәлімдеді. Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өткен кеңесті ашқан облыс әкімі Ғали Есқалиев биылғы күзгі жиын-теріннің мол болуы көктемгі қолайлы ауа райымен байланысты екенін мәлімеді.

БҚО-да әр гектардан 16 центнерден астық жиналуда БҚО-да әр гектардан 16 центнерден астық жиналуда

Биыл дәнді-дақылдар 203, 2 мың га алқапқа егілсе, майлы дақылдар 185,7 мың га егіліпті. Бүгінгі таңда облыс бойынша жиналатын 202 мың га дәнді-дақылдар алқабының 182 мың га орылып, 16,2 ц/га орташа өнімділікпен 295,5 мың тонна астық жиналған. Өңірде жалпы сыйымдылығы 504,8 мың тоннаны құрайтын лицензияланған 7 астық қабылдау кәсіпорыны бар. Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындарда 215,6 мың тонна астық сақталуда, оның ішінде 45,3 мың тоннасы арпа, 170,3 мың тоннасы бидай. Бұл дегеніңіз қамбаға толған шикізат толды деген сөз. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин баяндады. Оның айтуынша, аумақта көкөніс қоймаларының көлемі артады. Осылайша енді жиналған мол шикізатты сақтаудағы мәселелер шешіледі.

Үстіміздегі жылы сыйымдылығы 7 мың тонналық 2 көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Қолайлы ауа райы және тиісті агротехникалық шаралардың уақытында атқарлуы себепті дәнді дақылдар бойынша әр гектардан 16 центнерден астық жиналуда. Естеріңізде болса бірнеше жыл қуаңшылық орнап, өнім көлемі бұған дейін аз жиналған еді. Сала мамандарының сөзінше биылғы жиыналған өнім соңғы 5 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие.

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин жалпы ғылыми негізделген нормаға сәйкес облыстың егіс алқабына 57 мың тонна тыңайтқыш себілуі тиіс екенін айтты. Алайда облыс шаруашылықтары жылма-жыл тек 3,5-4,5 мың тонна тыңайтқышты немесе 6-8%-ын ғана пайдаланып отыр. Оның басым бөлігін картоп, көкөніс-бақша егетін шаруашылықтар тұтынады. Бір сөзбен айтқанда дәнді және майлы дақылдар өсіретін шаруашылықтардың ішінде тыңайтқыш пайдаланатындары мардымсыз.

– Атап көрсетсек, биыл «АгроСервис-Батыс» ЖШС, «Авангард» ЖШС, «Матевосян» ШҚ секілді жылма-жыл тыңайтқыш қолданатын шаруашылықтар дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 22 центнерден жоғары өнім жинаса, тыңайтқыш қолданбаған шаруашылықтар ауа райы қолайлы болғанның өзінде биыл тек 5-7 центнерден өнім алуда. Жалпы өсімдік шаруашылығы бағытын субсидиялауға 2022 жылға бюджеттен 2 652 млн теңге бөлінген. Оның ішінде тыңайтқыштарды құнын субсидиялауға – 153 млн теңге. Пестицидтердiң құнын субсидиялауға – 143 млн теңге. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 247 млн теңге. Су жеткізу бойынша қызмет құнын субсидиялау – 24 млн теңге.Майлы дақылдарды субсидиялауға – 238 млн тенге, - деді Наурызбай Қарағойшин.

Сондай-ақ күнделікті тұтынатын бірден - бір өнімнің бірі картоп деп санасақ, бұл көкөністен де жиын-терін мол. Орташа есеппен резервтік қорға 3500 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 500 тонна пияз және 350 тонна қырыққабат тапсырылады деп күтілуде.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен халыққа бидай, күнбағыс, картоп және көкөніс өнімдерін нарықтағыдан төмен бағамен жеткізу мақсатында төрт жақты меморандум жасақталған. Бұл құжатқа 3-ші және 5-сыныптағы бидай жеткізуге 43 шаруашылық және күнбағыс жеткізуге 28 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қол қойған. Схема бойынша азық-түліктік бидай ұн тарту кәсіпорындарына, жемдік бидай құс фабрикалары мен мал бордақылау алаңдарына, күнбағыс дақылы май шығару зауытына тапсырылады. Олардан өндірілген дайын өнім, яғни 1-сұрыпты ұн, макарон, құс жұмыртқасы, тауық және сиыр еті облыс ішінде тұрақтандыру қоры және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы арзан бағамен халыққа ұсынылады. Орташа есеппен резервтік қорға 13,8 мың тонна бидай, 3,5 мың тонна күнбағыс тұқымы тапсырылмақ.

Бүгінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ мемлекеттік қорға 3-сыныпты азық-түліктік бидайды сатып алу бағасын тоннасына 125 мың теңге деп белгіледі. Осыған орай, 3-сыныпты азық-түлік бидайының сатып алу бағасын тоннасына, ҚҚС қоса есептегенде, 106 мың теңге, ҚҚС-сыз 100 мың теңге шамасында белгіленді. Ал 5-сыныпты жемдік бидайдың құнын тоннасына ҚҚС қоса есептегенде 90 мың теңге, ҚҚС-сыз 85 мың теңге деп белгіленген. Сондай-ақ картоп және көкөніс өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында 31 көкөніс өсіруші шаруашылықтармен (картоп) меморандум жасалып, қол қойылды. Олардан өндірілген картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат өнімдері облыс ішінде тұрақтандыру қоры және облыс пен аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылды. Бұдан бөлек кеңесте «Жаңа Әлем» ШҚ жетекшісі Анатолий Кан, Baystone» ЖШС құрылтайшысы Станислав Качало, «Асан Аул» ЖШС басшысы Бейбіт Асанов, «Мусаева Д.Р.» ЖК басшысы Рамазан Мусаев өз-ұсыныс-пікірлерін айтты. Олардың сұрағына облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жауап берді.

Өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы ауыл шаруашылық саласын дамыту басты назарда болатынын айтып, шаруаларды қолдауға әзір екенін жеткізді.

– Облыс бойынша дәнді дақылдардың жиналатын алқабы 202 мың га құрайды. Оның ішінде күздік дәнді дақылдар толық жиналды (53,9 мың га), орташа 21,2 ц/га өнімділікпен 114 мың тонна астық алынды. Қазіргі уақытта жаздық дәнді дақылдардың алқабын ору аяқтала келді, бұл бағытта орташа өнімділік 14,1 ц/га көрсетуде. Бүгінгі таңда дәнді дақылдар бойынша барлығы 295,5 мың тонна астық жиналған. Бұл көрсеткіш 2021 жылдан 129,9 мың тоннаға артық. Қазіргі уақытта майлы дақылдардан сафлорды жинауға жұмыстары атқарылуда. 8,3 ц/га. Күнбағыс дақылы қыркүйектің аяғы және қазан айларында жиналады. Картоп (18%) және көкөніс-бақша дақылдары (54-62%) өнімдерін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Аудан әкімдері егіс алқаптары мен олардан алынған өнім көлемі, дақылдардың өнімділігі туралы ақпаратты статистика департаментіне уақытылы және сапалы тапсырылуын қадағаласын. Агроөнеркәсіп кешені саласы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өндірісті шикізатпен қамтитын негізгі сала болғандықтан резервтік қорға азық-түлік және жемдік бидайды тапсыруды ұйымдастырсын, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.

Дана РАХМЕТОВА

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

БҚО-да әр гектардан 16 центнерден астық жиналуда

Сентябрь 06, 2022, 10:00 0 23 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость