БҚО-ның тағы бір ауылында жаңа мектеп қолданысқа берілді

Сентябрь 19, 2022, 15:00 447 0

Бәйтерек ауыданының Жамбыл ауылындағы мектептің құрылысына бюджеттен 1 462,9 миллион теңге қаражат жұмсалыпты.

БҚО-ның тағы бір ауылында жаңа мектеп қолданысқа берілді БҚО-ның тағы бір ауылында жаңа мектеп қолданысқа берілді

300-ден астам баланы қабылдауға дайын білім ордасы салтанатты түрде ашылды. Бұрын Жамбыл ауылында тек тоғыз жылдық мектеп қана бар еді. Ал жоғары сынып оқушылары Асан және Мичурин ауылдарына қатынап оқитын. Оқушылар мен ата-аналардың бұл күнгі қуанышы шексіз.

-Бұрын ескі мектепте оқыдық. Ол осы ауылда орналасқан. Жаңа мектеп ұнап жатыр. Бәрі жақсы екен. Мен 8 сыныпқа көштім. Енді 11-ші сыныпты өз ауылымда тәмамдайтын болдым,-дейді Құрманғазы Жантөре есімді оқушы.

Ескі ғимаратта 79 оқушы білім алса, су жаңа нысанда оқитын бала саны қазір 174-ке жетіп отыр. 65 бала Октябрь ауылынан, 42 бала Зеленый ауылынан қатынап оқитын болады. Білім ордасы жанында өзге ауылдан келетін балаларға арналған интернат пен бүлдіршіндерге арналған бөбекжай бар. Бұрын негізгі мектеп болса, енді облыс әкімдігі қаулысымен жалпы орта білім беретін мектеп мәртебесі берілді.

Жамбыл ауылы тұрғындарының осы қуанышына ортақтаса барған Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен ата-аналарды бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

- Еліміздік дамуы мен болашағы-мәдениетті, білімді, дені сау ұрпаққа байланысты. Әрине, осының барлығы, бала бойындағы игі қасиеттер отбасынан, мектептен басталады. Сондықтан қазір мұғалімдерімізге, ата-аналарымызға жүктелген жауапкершілік үлкен. Біздер бұл саланы жіті назарда ұстауға тырысып келеміз. Қазір облыс бойынша апатты мектептерді жою бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы бес жылда жоспар бойынша 77 мектеп салып, пайдалануға беруіміз керек. Биылдың өзінде алты білім ошағы іске қосылуы қажет. Жақында ғана Борлы тау ауданындағы жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Бүгін, міне, сіздің ауылда да сондай қуаныштың куәсі болудамыз. Ауқымды істерді бастамастан бұрын әрқашан ауылдың болашағы бар ма, жоқ па? Сол мәселені ескереміз. Сіздердің ауылдарыңызға көшіп келушілер саны жыл санап артып келеді. Бұл өз кезегінде жаңа мектеп салуға сұранысты арттырды. Ұстаздар қауымы ата-аналармен бірлесіп, балаларымызға жақсы білім мен тәрбие береді деп сенеміз, - деді салтанатты рәсімде сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Мектепте 45 ұстаз жұмыс жасайды. 25 жаңа жұмыс орны пайда болған. 600-ге тарта тұрғыны бар ауыл балаларының алаңсыз білім алу үшін сыныптар жаңа, заманауи технологиямен жабдықталған. Алда тағы 10 адамды еңбекке тарту көзделіп отыр.

Мектеп директоры Шыңғыс Мұрзаболатов білім ошағында 26 кабинет барын атап өтті. Соның ішінде информатика кабинеті, 2 даярлық тобы, биология кабинеті, үлкен кітапхана, спорт зал ашылған.

- Біздің балалар мұндай спорт залды көрмеген. Барлық құрал-жабдықтармен қамтылыпты. Асханамыз бар. Бұрынғы мектепте асхана болмаған еді. Үзіліс кезінде оқушыларға тамақтануға жағдай жасалып отыр, - дейді ол.

Бірінші сыныпқа 10 оқушы қабылданса, мектепалды даярлық тобында 11 бала тәрбиеленуде. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарына 20 жергілікті тұрғын тартылған. Өңірде бұдан бөлек 16 шағын жинақты мектеп құрылысы жеті ауданында жүріп жатыр.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.

Дана РАХМЕТОВА

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

БҚО-ның тағы бір ауылында жаңа мектеп қолданысқа берілді

Сентябрь 19, 2022, 15:00 0 447 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость