БҚО шаруалары мал азығын артығымен жинады

Сентябрь 20, 2022, 16:00 34 0

Биыл қыста Батыс Қазақстан облысында 1 млн 22,5 мың шартты бас мал қыстақта бағылады.

БҚО шаруалары мал азығын артығымен жинады БҚО шаруалары мал азығын артығымен жинады

Төрт түліктің қорегіне 1 млн 940,3 мың тонна шөп, сонымен қатар қыстақта 748,8 мың шартты мал басына 229,7 мың тонна жемдік мал азығы қажет. Шөпке шалғы түскен мезеттен мал азығын молынан жинауға қамданған шаруалар жоспарды артығымен орындады. Өткен жылы әр гектардан 4 центнерден өнім алынса, биылғы шығым жақсырақ. Өйткені жазғытұрым ылғал мол болып, шаруалар тарықпайтындай жеткілікті көлемде өнім алудан үмітті болып еді. Биыл 55,7 мың гектар көлтабан мен табиғи шабындықтарға көктемгі қар суы барған. Бұл шабындыққа оң әсер етті. Салыстырмалы түрде алар болсақ, былтыр бар болғаны 2,2 мың гектар жер суландырылған.

Әсіресе теректілік ағайынның мал азығын жинаудағы жұмысы қарымды. Жоспар бойынша қолда бар малды қыстан алып шығуға 143,2 мың тонна шөп қажет болса, биыл 161,681 мың тонна өнім жиналған.

- Өнімнің 8,1 мың тоннасы былтырдан қалған. Ағымдағы жылы 135 мың тонна шөп шабылса да жеткілікті болар еді. Дегенмен шалғы салған шаруалар жомарт науқанды пайдаланып, мал азығын артығымен жинап алып отыр, - дейді БҚО ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы Қайыржан Өміралиев.

Қазір мал азығын қамдаудағы қарбалас күрт үдеген шақ. Оған себеп те жоқ емес. Өткен жылдары Батысты қуаңшылық қысып, жауын жаумай, шөп күйіп кетіп еді. Жұтаған ағайын малға жем-шөп таппай сандалды. Осы қыста мұндай қиыншылыққа тап болмас үшін, «аузы күйген үрлеп ішедінің» кебін киген шаруалар ылғал арқасында шығымның молдығын пайдаланып қалуда.

Былтыр шөптің шығымдылығы 6,4 ц/га болса, биыл орташа көрсеткіш гектарына 7,4 центнерден екен. Ал Новопавлов ауылы жоспарды 126 пайызға асыра орындап, 4000 тоннадан аса шөп қорын жинап алған. Жаз бойы екі жылға жетер азық жиған ауылдар бар. Шығым барлық ауданда бірдей емес. Дегенмен шаруалардың маялап жиған пішені көңілге медеу боп, қыстан малды аман алып шығуға жетеді деген сенім бар.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.

Али ЖУМАНОВ

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

БҚО шаруалары мал азығын артығымен жинады

Сентябрь 20, 2022, 16:00 0 34 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость