Бөрлі ауданында мониторинг топ 1718 нысанды тексерді

Ноябрь 30, 2020, 16:09 2865 0

Қаладағы короновирустық инфекция ауруларының алдын алу және одан арғы сақтық шараларды күшейту жолында Бөрлі ауданындық әкімдік жанынан құрылған мониторинг топ өз жұмыстарын жалғастыруда.

Бөрлі ауданында мониторинг топ 1718 нысанды тексерді Мониторинг топ 1718 нысанды тексерді

Соңғы уақытта монитроинг топ халыққа қызмет көрсететін орындар мен адам көп шоғырланатын жерлерді жиі тексерілуде.
Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев және әкімдіктің сала басшыларынан, сондай-ақ Ақсай және ауыл әкімдерінен құралған мониторинг топ аралау барысында сақтық шараларын бұзған нысан иелеріне ескерту жасап, талаптың орындалуы және індеттің таралуына жол бермеу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Мониторинг топтың қараша айының 30-ы күні берген мәліметі бойынша, өңірде үйлену тойлары мен отбасылдық шараларға тиым салынды. Қазір талап пен тәртіп орындалмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын көпшілік біліп те үлгерді. Бүгінде дүкен, дәріханаларда тәртіп біркелкі қалыптасты. Мониторинг топтың төрағасы Алпамыс Көшкінбаевтың сөзінше, тамыз айынан бүгінге дейін ауданда дүкен, кафелерді қосқанда 1718 нысан тексеріліп, 32 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал белгіленген тәртіп пен ережені елемеген кәсіпкерлік нысандарға 5 миллион 541 мың 110 теңге айыппұл салынған. Өкінішке орай карантин кезінде де, карантиннен кейін де той тойлайтындар азайғанымен, түпкілікті тоқтамады. Тығылып той жасағандар аз болмады. Ақсайда бірқатар мейрамханалар мониторинг топтың назарынан тыс қалмады.
« - Мониторинг топ тиісті түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Ескерту жасалған, қайталаған жағдайлар болды. Тексеріс барысында карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жүргізген букмекерлік кеңселер мен мейрамханалар анықталды», - деді Алпамыс Жаңабайұлы.
Сонымен қатар бүгінде Ресей Федерациясы аумағынан өтетін, ауданға келуші әрбір азамат мінджетті түрде ПЦР тестін міндетті түрде тапсырады. Бөрлі аудандық аурухананың бас дәрігері Шыңғыс Сәрсенғалиевтің берген мәліметінше, бүгінде жұқпалы аурулар бөлімінде 15 адам, ал карантиндік стационарда 11 адам келіп түскен.
Мониторинг топ төрағасы індетпен күресті тиімді жүргізу үшін облыстық санитарлық дәрігердің қаулысымен қабылданған барлық шектеулер орындалуы қажеттігін айтады. Мұндай қадам әр отбасылардың амандығы үшін маңызды екенін айтты.

Жайнагүл Жеңісқызы

Новости партнеров

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Бөрлі ауданында мониторинг топ 1718 нысанды тексерді

Ноябрь 30, 2020, 16:09 0 2865 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость