Елімізде жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 2020 жылға дейін тежеледі

Октябрь 26, 2016, 15:10 76 0

Техникалық себептерге байланысты жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкі бойынша жалпыға ортақ декларацияға көшу 2020 жылға дейін тежеледі деп хабарлайды Қазақпарат.

Елімізде жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 2020 жылға дейін тежеледі parlam

Бұл туралы бүгін парламенті мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілеу мәселелерді жөніндегі ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған еліміздің Ұлттық экономика министрі қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Қолданыстағы заңнамада жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауға кезең-кезеңмен көшуі қарастырылған. Бірінші кезеңде 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, судьялар, басқарушылық және әкімшілік бейіндегі ұлттық компания қызметкерлері, сонымен бірге бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері декларация тапсыра бастауы тиіс болатын. Ал, екінші кезеңде қалған барлық жеке тұлғалар тапсырады. Дегенмен, ағымдағы жылы жалпыға ортақ декларациялауға көшуге дайындық жұмыстарын жүргізу барысында ақпараттық жүйедегі бірқатар кемшіліктер анықталды. Ол аталған процесті жүзеге асыруға кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған орай, 2020 жылдан бастап, бір кезеңмен жалпыға ортақ декаларациялау енгізуді көздейтін өзгертулер ұсынылады», - деді Бишімбаев.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларда көрсетілген мүліктің шекті мәні арттырылатын болады.

Бишімбаевтың атап өтуінше, толықтай алғанда заң жобасы ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік белсенділікті сақтауға, ел экономикасын жандандыруға бағытталған.

Естеріңе сала кетсек, мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамына арналған Ұлт Жоспарының 42-қадамында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің, одан кейінгі кезеңде барлық азаматтардың кіріс пен шығыстарын жалпыға ортақ салықтық декларациялауды енгізу белгіленген. АҚШ, Канада, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Австралия, Чехия, Италия, Жаңа Зенландия, Сингапур, Швейцария, Чили, Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Венгрия, Польша, Португалия, Испания, Нидерланды секілді көптеген дамыған елдер жеке тұлғалардың өз бетімен декларациялану жүйесін салық төлемдерінің толықтығын қамтамасыз ету мен көлеңкелі экономикаға қарсы тиімді құрал ретінде жоғары бағалайды.

Біздің елімізде жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау бойынша заң жобасы 2015 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына ұсынылды.

Новости партнеров

Marat

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Елімізде жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 2020 жылға дейін тежеледі

Октябрь 26, 2016, 15:10 0 76 Версия для печати

Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->
Последние новости
Сообщить новость