Ескі көліктерді қабылдау басталды

Декабрь 08, 2016, 11:13 995 0

Елімізде ескі көліктерді қабылдау бекеттеріне өткізу науқаны басталды. Республика бойынша алғашқы аптада 200-ге жуық көлік тапсырылған. Орал қаласында күні бүгінге 65 автокөлік қабылданыпты.

Ескі көліктерді қабылдау басталды Иллюстративное фото с сайта novostipmr.com

Иллюстративное фото с сайта novostipmr.com

Қазбек Бекболсынов ескі Жигулиімен 600 шақырымдық жерден келген. Зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан «темір тұлпары» әлі жүріп тұр. Тек онымен жолға шығу қауіпті дейді көлік иесі. Темірі шіріп, тозып тұр. Сатуға келмейді. Сондықтан науқанды пайдаланып, 150 мың теңге өтемақы алуға бел буған.

- Мәшинем 1995 жылғы, 20 жылдан асып кетті. Уақыты өткен көлік қой енді. Тозып, шіріп тұр асты. Сондықтан пайдаланбаймыз деп тапсырып жатырмын. Жақсы қабылдап жатыр. Құжаттарым түгел. Көлікті тұраққа қойдырды. Қазір бір жарты сағатта құжаттарымды рәсімдеп беремін деді. Бөкей ордасы ауданынан келіп тұрмын. Алыстан келгесін, кезексіз қабылдады.  Мұндай акция керек деп ойлаймын. Әйтпесе, бұдан қымбат бағаға ескі көлігімді сата алмас едім, - дейді Бөкей ордасы ауданының тұрғыны ҚАЗБЕК БЕКБОЛСЫНОВ

Ескі көліктерді қабылдау бекеттеріне өткізу науқаны 21 қарашада басталды. Орал қаласында күні бүгінге 65 автокөлік тапсырылған. Көлік иелеріне 10 миллионға жуық теңге өтемақы төленіпті. Тек облыс емес, еліміз бойынша қабылданған ең көне авто - 1948 жылы шыққан Москвич-412 үлгілі жеңіл көлігі. Қабылдау бекетіне күніне орташа есеппен 10 көлік әкелінеді.

- Мұндай бағдарламаны баяғыдан бері қабылдау керек еді. Өйткені ескі көліктер ауаға лас, зиянды заттарды таратады. Әбден шіріген, тозған көліктерді кім алады? Сондықтан осы акция өте тиімді деп ойлаймын, – дейді Орал қаласының тұрғыны МҰРАТ КЕНЖЕКОВ.

Көне көлігім өтсін десеңіз, жеке куәлік, әкімшілік полициядан тіркеуден шығару туралы анықтама және банк есепшотының анықтамсын тапсыруыңыз керек. Қабылдау екі санат бойынша жүргізіледі.

- Бірінші санат бойынша толық жинақта ескі көлігін тапсырғандар - 150 мың теңге алса, ал екіні санатта көлік шанағы, есігі, қозғалтқышы бар, бірақ жүрмейтін көліктерге 48 мың теңге беріледі. Халық келіп жайлап тапсырып жатыр. Қаланы тот басып, тозған көліктерден тазартудамыз, - деп түсіндірді «ӨКМ операторы» ЖШС бқо бойынша аумақтық менеджері ЗОРЫМБЕК БИСЕНОВ

Ескі көлік жиналып болған соң, темір-терсекті сұрпытап, пресстеп, қайта өңдеуге жібереді.

Арман Курманалиев

Marat

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Ескі көліктерді қабылдау басталды

Декабрь 08, 2016, 11:13 0 995 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость