Орал қаласында кәсіподақ жастарының форумы өтті

Ноябрь 23, 2017, 10:40 907 0

Батыс Қазақстан облысы бойынша бүгінде 915 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олардың 65 мыңнан астам мүше болса, соның 35 пайызы жастар екен. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Осы орайда кәсіподақ қызметіне жастарды кеңінен тарту маңызды міндет. Форум барысында сала ардагерлері тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.

Орал қаласында кәсіподақ жастарының форумы өтті

- Кәсіподақ жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы бітімгерші болып есептеледі. Сондықтан өзінің белгілі бір орны бар. Яғни, даулы сұрақтарды сот шешіміне жүгінбей заңға сүйене отырып шешетін құрылым. Әзірге кәсіподақтың маңызын көпшілік терең түсіне бермейді дейді, - БҚО Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасарЫ Әсел Балманова.

Форум мақсаты да кәсіподақ ұйымдарының мән маңызын халыққа кеңінен түсіндіру. Еңбек ұжымындағы қатынастарды реттеп, даулы мәселелерді шешудегі рөлін айшықтау. Орал қаласы мен барша ауданның өкілдерін жинаған басқосу бір демде өтті. Өйткені саладағы өзекті мәселелер мен жоспарлар жан жақты талқыланып, оған жастар белсенділері ортақ ойларын қосты.

- Осы кезге дейін кәсіподақты ақша жинап, сыйлық үлестіретін ұйым деп ойлайтынмын. Форумға қатыса отырып бұл пікірімнің қате екендігін білдім. Кәсіподақтың белгілі бір заңы бар екенін, жұмыс барысында сол заңға сүйену керектігін түсіндім. Басқа да көптеген мәліметтерге қанықтам. Бұл ақпараттарды алдағы қызметімде пайдаланамын дейді, - Шыңғырлау орта мектебінің мұғалімі Самат Байболатов.

Кәсіподақ белсенділері өз жұмысында заң талаптарын жете білуі тиіс. Сонда ғана қызметкердің құқығын қорғай алады. Сондықтан бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр дейді, - Нұрсәуле Аткеева.

Жас мұғалім жақында Ақтау қаласындағы кәсіподақ ұйымдарының пікірталас ойындарында облыс намысын қорғамақ. Оның ойынша кез-келген маман өз құқығын қорғай білуі керек. Ал бұл істе оған құқықтық қолдау танытатын орта – кәсіподақ. Өйткені ұйымның еңбек ортасына енді ғана бейімделе бастаған жас үшін маңызы зор.

Форум соңында кәсіподақтардың жас белсенділері жиыннан алған тәжірибе негізінде жоспар құрып, жүзеге асыру жолдарын айқындады.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Орал қаласында кәсіподақ жастарының форумы өтті

Ноябрь 23, 2017, 10:40 0 907 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость