Орал қаласының бюджеті 1,1 миллиард теңгеге ұлғайды

Июнь 15, 2018, 16:31 487 0

Қалалық мәслихаттың 23-ші кезектен тыс сессиясында бюджет нақтыланды.

Новости Уральск - Орал қаласының бюджеті 1,1 миллиард теңгеге ұлғайды

Онда облыс орталығындағы алтыншы көше жолына күрделі жөндеу мен қайта құруды бастауға 10 миллион теңге қаражат қарастырылғаны көрсетілген. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үдемелі технологияны қолдануға -200 миллион теңге, қала тазалығын қамтамасыз етуге 269 миллион теңге, қала көшелерін жарықтандыруды жаңғыртуға-173 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұл жөнінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы мәлімдеді.

-«Қаламызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлерді жөндеуге-62 миллион 672 мың теңге, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша цифрлық сауаттылыққа оқытуға 13 миллион. 829 мың теңге, инженерлік желілерге құқық белгілейтін құжаттарды дайындауға 12 миллион 500 мың теңге, қаланың 3 аумағы бойынша ТЖЖ әзірлеуді аяқтауға жалпы сомасы 73 миллион. 034 мың теңге сомасында ақша бөлінеді»,-дейді Орал қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Тулегенова.

Сондай-ақ сессияда тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметінің тарифін 100 теңгеге қымбаттату мақұлданды. Бұрын коммуналдық қызмет ақысы 115 теңге болса, енді кісі басына айына 215 теңге болып өзгертіліп отыр. Қазіргі шығындармен есептей келе 1 кісіге тариф құны 380 теңге болып белгіленген. Бірақ оны түсіріп, мәслихат депутаттарымен жаңа тарифті 215 теңге деп бекітті.

Тұрмыстық қалдықтар мәселесі аймақ үшін өзекті болып тұр. Қалдықтардың өңделмей, полигондарда үйілуі-экологияға да зиянын тигізбей қоймайды. Ал қоқыс шығаратын, қала тазалығымен айналысатын кәсіпорын тарифті 10 жылдан бері өсірмегенін алға тартқан. Қазіргі шығындармен есептей келе 1 кісіге тариф құны 380 теңге болып белгіленген. Бірақ оны түсіріп, мәслихат депутаттарымен жаңа тарифті 215 теңге деп бекітті.

Барлық коммуналдық тарифтердің өсуі, жанар-жағармай мен қажеттіліктердің қымбаттауы, «Орал таза сервис» ЖШС қызметкерлері жалақысын өсіру қажеттігінің өткір мәселеге айналуы-тариф бағасын көтеруге себепші болып отыр.

Арман Курманалиев

Город

Орал қаласының бюджеті 1,1 миллиард теңгеге ұлғайды

Июнь 15, 2018, 16:31 0 487 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости