Орал шаһары кең көлемде қала күнін тойлады

Сентябрь 08, 2018, 23:47 374 0

Еуропа мен Азияның қақпасы саналатын Орал шаһарының тарихы бай. Көне ғимараттар мен ескерткіштер сақталып қалған еліміздегі қалалардың бірегейі. Талай оқиғаның куәгері болып, қойнауы шежіреге толған Жайық өңірі қала күні мерекесін жылдағы дәстүр бойынша ауқымды деңгейде атап өтті.

Орал шаһары кең көлемде қала күнін тойлады

Қала күні мерекесі күн шапағын шашып, таң атысымен басталып кетті. Дина Нұрпейісова көшесінің бойына жиылған жамағат білім беру ұйымдары ұсынған гүлдер көрмесін тамашалап, ерекше әсерге бөленуге мүмкіндік алды. Гүл дестелерінің әрқайсының өзіндік мән-мағынасы бар. Белгілі бір идеяға негізделген туындылардың тақырыптары да сан алуан. Шеберлер келушілерге бұл жөнінде өздері айтып беріп, эстетикалық сұлулық жөнінде сыр шертті.

-«Мен қала күні мерекесін қазірден бастап сезіне бастадым. Гүлдер көздің жауын алады екен. Шеберлердің қолына дерт бермесін. Биылғы жылы ұйымдастырылған шаралар әр түрлі бағытта. Сонысымен ерекшеленіп жатыр. Әсіресе өнер иелері мен шеберлерге айрықша көңіл бөлініп, олардың бұйымдары жақсы дәріптеліп жатыр. Бұл да бір «Рухани жаңғырудың» белгісі шығар!»-дейді қала тұрғыны Айымгүл Жәнібекова.

Қала күні аясында татар ұлтының «Сабантой» мерекесі де тойланды. «Тұңғыш президент» атындағы алаңда қонақтарға арналып ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

-«Мен қазақ жерінде тудым. Өмір сүріп жатырмын. Осы елді Отаным деп санаймын. Біз қазақ халқына мәңгі қарыздармыз. Бірақ өз ұлтым татар болғандықтан ата-бабамның салт-дәстүрін ұмытуға қақым жоқ. Сондықтан үнемі отбасымда ұстанамын. Бүгінгі мереке тамаша өтуде»,-дейді Маргарита Игнатова.

Қала күніне арналған басты мерекелік шара Петр Атоян атындағы алаңда ұйымдастырылған еді. Концертті белгілі актер, жүргізуші Тәуекел Мүслім жүргізді. Мерекелік кеш барысында эстрада әнші Айдана Меденова мен Олжас Абай оралдықтарға тамаша көңіл күй сыйла, әсем әуендерімен ән шашу жасады.

-«Менің көңіл-күйім керемет! Танымал әншілердің шырқаған әні, кештің басынан аяғына дейінгі ән мен би, театрландырылған көрініс, бәрі-бәрі көңілден шықты. Ұйымдастырушыларға рахмет! Барша оралдықтарды қаламыздың туған күнімен құттықтаймын»,-деген қала тұрғыны Айзада Жұмалиева ізгі тілектерін жеткізді.

Новости партнеров

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Сентябрь 08, 2018, 23:47 0 374 Версия для печати

Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость