Оралда 52 пәтерлі үй тапсырылды

Октябрь 24, 2022, 19:00 6 0

Қаламызда 52 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, Республика күні қарсаңында тұр­ғын­дар игілігіне берілді. Тұрғын үйдің ашылу салтанаты­на басшысы Миржан Сатқанов қатысты.

Оралда 52 пәтерлі үй тапсырылды Оралда 52 пәтерлі үй тапсырылды

Шаһарда апатты және тозығы жеткен үйлердің орнына «Реновация» бағдарламасы арқылы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұл бағдарлама шеңберінде 145 пәтерді құрайтын 28 апатты үй бұзылып, олардың орнына 10 жаңа үй салынып жатыр. Бүгін пайдалануға беріліп жатқан мына тұрғын үйде аталған бағдарламаның жемісі деуге болады.

Мереке қарсаңында жаңа қонысқа ие болып жатқан тұрғындарға қала әкімі салтанатты түрде пәтер кілттерін табыс етті. Қоныстой иелерін құттықтап, құрылысын жүргізуге атсалысқан компанияларға алғысын жеткізді.

-Алдымен баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке қарсаңында қуанышты сәт орын алғалы тұр. Біз бүгін 52 пәтерлік жаңа үйдің кілттерін пәтерлерін асыға күткен иелеріне табыстағалы тұрмыз. Оның 12-сі үйлері апатты деп танылған отбасыларға беріледі. Барша қуаныш иелерін осынау қуанышты күнмен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі «Реновация» бағдарламасы арқылы бой көтерген тұрғын үйдің ашылуы - қаламыздағы тұрғын үй құрылысының қарқынды жүріп жатқандығының тағы бір дәлелі. Әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар мемлекет дамуының басым бағыты болып табылады. Сіздерді жаңа баспаналы болуларыңызбен құттықтаймын. Шаңырақтарыңызда әрқашан жақсылық, бақ-береке орнасын! - деді Миржан Мұнайдарұлы.

Осыдан кейін шаһар басшысы тұрғын үй кешенін аралап, қоныстой иелеріне «құтты болсын» айтты.
Тұрғындар атынан жаңа қоныс иелері Қанат Алданғалиұлы мен Елена Губенкова сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ құрылысын жүргізген «Даму Жол Орал» ЖШС компаниясына алғыстарын жеткізді.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.

Али ЖУМАНОВ

Сурет Динара НАСЫР

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Оралда 52 пәтерлі үй тапсырылды

Октябрь 24, 2022, 19:00 0 6 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость