Оралда балабақша кезегін автоматтандырудағы ақау қалыпқа келтірілді

Июнь 20, 2018, 09:16 509 0

Балабақша кезегіндегі автоматтандыру жүйесін әлі де түсінбей жүрген қалалықтар көп болып шықты. Олардың айтуынша сайт арқылы жасы мен кезегі жетіп тұрған бүлдіршіндердің өзіне жолдама алу мүмкін болмай отыр.

Новости Уральск - Оралда балабақша кезегін автоматтандырудағы ақау қалыпқа келтірілді

Бүгінде Орал қаласының өзінде 18 мың сәби балабақша кезегінде тұр. Жаңа автоматтандырылған жүйеге көшудің бірден бір себебі - жемқорлықтың жолын кесу. Осы орайда сала мамандары еліміз бойынша бұған дейін баласын тезірек балабақшаға беру үшін білім ұйымдарындағы лауазымды тұлғаларға пара ұсынған деректердің тіркелгенін жасырмады. Мәселен, ел аумағында жемқорлыққа жол берілген бірнеше факті орын алып, 6 млрд. аса қаржатты балабақша жетекшілері қалтаға басыпты. Яғни жаппай цифрландырудың жағымды тұсы -бұл мәселенің бір жақты шешімін тапқанында. Қалалық білім беру бөлімінің мамандары жаңа жүйе бойынша шағымданушылар қатарының соңғы аптада күрт көбейуін былайша түсіндірді.

-«Соңғы аптада білім сайтының жұмысына шағымданушылар күрт көбейді. Себебі, бір адам 1 немесе 2 минутта жолдама алу тетігін дамылсыз бірнеше рет басуы себепті ақаулар орын алды. Кезекте 18 мың ата-ана тұрғандықтан оларда осы қателікке бой алдыруы себепті техникалық ақау шықты. Бүгінгі таңда бұл мәселе қалалық әкімдік тарапынан шешімін тапты. Енді сайт тәулік бойы жұмыс жасайды»,дейді Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова.

Бірінші кезекте аңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар мен жетімдер, көп балалы отбасылардан шыққандар және әскери, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызметте жүріп қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің сәбилері балабақша жолдамысын иеленуге құқылы.

«Сізге алдымен жеңілдік топтағылар деп шығады. Мәселен 10 адам осы топта тұрсын. Алдымен осы тұлғалар балабақша кезегіне ие болады. Сондай-ақ, сіздің алдыңығы «е гов» порталы бойынша нешінші кезекте едіңіз бұл да себеп болады. Өйткені сіз бұрын 30 шы кезекте тұрып енді бірінші болып жолдама ала алмайсыз ғой. Сол себепті аталмыш жолдама берілген 3 күнде жеңілдік топтағылар мен сізден бұрын кезекке тұрғандар жолдамаға ие болады. Орын қалса сіз жолдамаға ие боласыз болмаса сіз келесі кезекті күтесіз. Сайттың енді қашан жаңартылатыны туралы ақпарат көрсетіліп тұрады. Сол себепті бір күнде бір мәрте сайтқа кіріп тексеру қажет»,-дейді ҚРБЖҒМ мемлекеттік қызмет көрсету тобының мүшесі Евгений Щербатов.

Ал ғаламтормен жұмыс істей алмайтын азаматтар үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе аудандық білім бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Оралда балабақша кезегін автоматтандырудағы ақау қалыпқа келтірілді

Июнь 20, 2018, 09:16 0 509 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости