Оралда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болды

Март 20, 2019, 19:01 3025 0

Орал қаласындағы Достық-Дружба даңғылын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атамақ. 20-наурыз күні өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында осындай шешім қабылданды.

Оралда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болды

Қала әкімі Мұрат Мұқаев, құрылымдық бөлімше басшылары және депутаттар қатысқан сессия отырысында ел ағалары сөз алып, осы өзгерісті енгізуге қатысты өз пікірлерін білдірді. Сессия төрағасы,  қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтың мәлімдеуінше, бұл ұсыныс алдымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында кеңінен талқыланып, тұрғындар тарапынан да қолдауға ие болыпты.

- "Кеше ғана осы күнге дейін ел басқарып келген елбасымыз өкілеттілігін тоқтататыны туралы мəлімдеме жасады. Ал содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. Əкімдіктің Достық-Дружба даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атау туралы ұсынысы жан-жақты мақұлданып отыр. Бұл лайықты құрмет болар еді",-дейді депутат Амангелді Ермекқалиев. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де өткен кездесуде студенттер мен оқытушылар, зиялы қауым өкілдері бұл ұсынысты бірауыздан қолда отырғандарын жеткізді. Сондықтан ұсынысты бекітуге дайын деп есептеуге болады дейді ел ағасы.

Қала əкімі Мұрат Мұқаев Достық-Дружба даңғылын Н.Назарбаев даңғылы деп өзгерту əділ шешім болады деп санайды. Себебі тұңғыш президенттің елге еңбегі сіңді. Есімі ұлықтауға тұрарлық екенін атап өтті.

-"Бүгін қоғамдық тыңдау мен қоғамдық отырыстар өтті. Мəслихат сессиясында да күн тəртібіндегі осы сұрақ талқыланды. Достық даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев есімімен атау ұсынысы барлық депуттар тарапынан да қолдау тапты. Сондықтан осы шешімді қабылдап, Назарбаев даңғылы деп өзгертуді қарап бекітеміз",-деді шаһар басшысы Мұрат Мұқаев.

Депуттаттар бұл шешімді бір ауыздан қолдады.​ Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант берген соң облыс орталықтарындағы басты көшелерге тұңғыш президенттің есімін беруді ұсынған еді. Осы ұсыныстан соң бірнеше облыс орталығында басты көшелердің атаулары өзгерді. Ал елорда төрі мен елдегі өзге «Астана» брендті спорт алаңдары мен өнер ошағы, телеарна атаулары өзгеріссіз сақталатыны хабарланды.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Новости партнеров

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

Город

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Март 20, 2019, 19:01 0 3025 Версия для печати

Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость