Оралда шұғыл қызмет көліктеріне арнайы жолақ салынбақ

Октябрь 06, 2019, 11:37 640 0

Автокөлік жолдарында шұғыл қызмет көрсететін көліктерге арналған бөлек жолақ болады. Мақсат-жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, шұғыл қызмет көліктерінің діттеген жеріне дер кезінде жетіп, тиімді қызмет көрсетуіне жағдай жасау.

Новости Уральск - Оралда шұғыл қызмет көліктеріне арнайы жолақ салынбақ

Арнайы жолақ Н. Назарбаев даңғылы мен Еуразия даңғылында қозғалысты бөліп тұрмақ. Атап айтар болсақ, Назарбаев даңғылының М. Мәметова көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі бөлігінде, Еуразия даңғылының Назарбаев даңғылынан Гагарин көшесіне дейінгі бөлігінде осындай жолақ жол салынады деп жоспарлануда. Бұл үшін шеткі оң жақ жолақ бөлінеді.

Жаңашылдық апаттылықты азайтуға, жолаушының жолдағы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде қарды жинау және шығару бойынша қалалық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттырады.

Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, маршруттық автобустардан басқа бөлінген жолақты шұғыл қызметтік тапсырманы орындайтын көліктер пайдалана алады. Оларға көк және қызыл түсті жарқылдауық маягі қосылған жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдары жатады.  Бұдан өзге құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдау маягі қосылған көлік құралдарының жүргізушілері осы жолақпен қозғалуына болады. Сондай-ақ жеке күзет ұйымдары, жолдағы көліктік бақылау органдарының жылжымалы бақылау-өткізу пункттерінің жүргізушілеріне де арнайы жолақты пайдалануға рұқсат етіледі.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

Город

Оралда шұғыл қызмет көліктеріне арнайы жолақ салынбақ

Октябрь 06, 2019, 11:37 0 640 Версия для печати

Новости партнеров

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

Город

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия, присылайте фото, видео и короткий текст на 8 776 863 36 36 WhatsApp. Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости