Оралда тəуелсіздік күніне орай жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Декабрь 10, 2018, 11:01 217 0

Бұл жөнінде қала əкімдігінде өткен жиында мəлім болды. 900 орындық білім ордасы Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданында орналасқан.

Новости Уральск - Оралда тəуелсіздік күніне орай жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Жоспар бойынша мектеп 15-желтоқсанда салтанатты түрде ашылмақ. Қазіргі таңда мердігерлер нысан басында соңғы жұмыстарын атқарып, қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп жиһаздарын орналастыруда. Нысан құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Ұлттық қордан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырған құрылыстың жалпы сомасы – 1 миллиард теңгеден асады. Биылғы жылдың маусымынан бастап құрылысты «Жиенбай» ЖШС жалғастырған болатын. Аяқталуын көптен күткен құрылыс үшін жергілікті бюджеттен тағы 186 млн. теңге бөлінген-тұғын. Жауапсыз деп танылған бұрынғы мердігермен жұмыстың 60 пайызы атқарылған.

12 оқу сыныбы бар мектеп кешеніне 800-дей бала көшіріледі деп жоспарлануда. Халық тығыз қоныстанып, күн санап əлеуметтік нысандарға деген сұраныс артып отырған Зашаған кентінде бұл мектептерге түсетін салмақты аз да болса жеңілдетуге сеп болуы тиіс. Себебі баланың көптігінен сабақтар 3 ауысымда өткізіліп отырғаны баршаға мəлім. Шағын орталыққа 50 бала қабылданбақ. 70-тей мұғалім көршілес мектептен оқушыларымен бірге көшірілетін болса, бұдан өзге жаңадан 78 бос орын ашылғалы отыр.

Бұдан өзге 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күніне орай Орал қаласында жаңа тұрғын үй де тапсырылғалы отыр. Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы ТЖЖ көп қабатты құрылыстан қала тұрғындарына пəтер кілттері беріледі. 9 қабатты 4 кіреберісті 180-пәтерлік қаңқалы-панельді тұрғын үйдің салтанатты ашылуы мерекеде оралдықтарға жасалған үлкен тарту болады деп күтілуде.

Тəуелсіздік мерекесіне орай Орал қаласында өзге де мерекелік іс-шараларды өткізу жоспарланған. Соның бірі-«Айбары асқақ-Тəуелсіз елім» атты мерекелік салтанатты бағдарлама. Концерт Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткізіледі. «Еліміздің еркіндігі –тәуелсіздік» атты концерт «Деркөл» мәдени демалыс орталығында оздырылса, «Тәуелсіздік қасиетті, Ұлы ұғым», «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тақырыптық кештер де көпшілік үшін ұйымдастырылуда.

14-желтоқсанда қалалықтар «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты мерекелік концертті тамашалай алады. Ал 16 желтоқсанда – ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған» шайбалы хоккейден турнир болады. Мұз спорт сарайында спорттық доданың көркін қыздырып, қолдау көрсетуге жанкүйерлер қауымы шақырылады.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Оралда тəуелсіздік күніне орай жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Декабрь 10, 2018, 11:01 0 217 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости