Оралдық 90 отбасы баспаналы болды

Сентябрь 10, 2018, 15:43 366 0

Тұрғындардың қуанышы мерекемен тұспа-тұс келді. Зашаған кентінде 90 отбасы жаңа пәтердің кілттерін қолдарына алып, қоныс тойларын тойлады.

Новости Уральск - Оралдық 90 отбасы баспаналы болды

Тұрғын үй елбасының "Бес әлеуметтік бастамасының" мұрындық болуымен іске асып жатырған «7-20-25» бағдарламасы аясында табысталып отырған алғашқы үйлердің бірі. Құрылыс жұмыстары 2017-жылдың қараша айында басталған болатын. Жаңа баспананың салтанатты түрде табысталуы рәсіміне өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

-«Баспана кез келген отбасы үшін болашаққа салынған инвестиция десек те артық болмас. Осы мемлекеттік бағдарламалар арқылы Елбасы барша қазақстандықтардың баспаналы болуына жағдай жасап, ипотекалық несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымыз осындай жағымды жаңалықпен басталды. Бүгінгі пәтер иелерін баспанаға қол жеткізулерімен, ал барша оралдықтарды қала күні мерекесімен құттықтаймын,-деді Мәулен Әшімбаев.

Мердігер компания құрылыс материалдары ретінде толықтай Отандық өнімдер пайдаланылғанын айтады. Ал қала әкімі Мұрат Мұқаев жаңа баспаналардың бірінде Елбасы жүктеген тапсырмалардың қалай жүзеге асып жатқандығы мен орындалуы барысын баяндалып, қаламызда қолға алынған жобалар жөнінде тілге тиек етті.

-«Мына мемлекеттік бағдарламалар халыққа жақсы көмегін тигізіп жатыр. Ризамыз. Армандаған үйімізге еніп отырмыз. Өз баспанаң болған қандай жақсы. Оның үстіне жап-жаңа. Рахмет билікке!»-дейді баспаналы болған Құсайыновтар отбасының отанасы.

Айта кетейік, жыл басталғалы облыс бойынша 250 мың шаршы метрден аса баспана қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 415,7 мың шаршы метр, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасымен 46 мың шаршы метр баспана бой көтереді деп күтіліп отыр. Облыс көлемінде 50-ге жуық тұрғын үйдың құрылысы басталды. Қазіргі таңда 44 үй толықтай аяқталған. Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы шаһарымыздың аумағында 21 көп қабатты және аудандарда 88 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Оралдық 90 отбасы баспаналы болды

Сентябрь 10, 2018, 15:43 0 366 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости