Оралдықтарға жəрмеңкеде 200-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Ноябрь 29, 2018, 12:50 1310 0

 Жəрмеңкеде жастарға жұмысшы мамандықтар бойынша 200-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, бір жерден қажетті мамандық иелерін қабылдауға бағытталған шараға 39 жұмыс беруші қатысып отыр.

Оралдықтарға жəрмеңкеде 200-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Осылайша биылғы жылдың ең соңғы жəрмеңкесі ұйымдастырылып, сантехник электрик, құрылысшы, дəнекерлеуші, тас қалаушы, қырнаушы, жүргізуші сынды жұмысшы мамандықтарға зор сұраныс бары байқалды. Бос жұмыс орындары жəрмеңкесі əдеттегідей Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында оздырылды.

-"Облыс орталығында жыл басынан бері ұйымдастырылған осындай жəрмеңкелер көмегімен 3200 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 561 жас "Жастар тəжірибесі" бағдарламасымен екі қолға бір күрек тапса, 70-ке жуық адам əлеуметтік еңбекке тартылды",-дейді Орал қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар орталығының сектор меңгерушісі Нұржан Аткешев.

Жəрмеңкеде өз ісін бастағысы келетін жандарға тегін кеңес беретін бұрыш жұмыс жасады. Сонымен қатар, биыл қысқа мерзімді оқыту курсын аяқтаған 4 бағдарлама қатысушысы мемлекеттен 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, өз істерін ашуға мүмкіндік алған.

Қалалық жұмыспен қату жəне əлеуметтік бағдарламалар бөліміне биыл 7256 адам жұмыссыздық мəселесімен жолығыпты. Оның 5252-сі мемлекеттік қолдаулардың шарапатын көріпті.

-"Мен өз мамандығым бойынша жұмыс іздеп жүрмін. Осы жəрмеңке арқылы жұмыс тапқым келеді. Бірінші рет қатысып тұрмын. Түйіндемемді жұмыс берушіге тапсырып қойдым. Көмегі тиер деген үмітім зор. Көбі еңбек өтілін сұрайды ғой. Бірақ бүгін жас мамандарды өзіміз үйретеміз дегенді құлағым шалып қалды",-дейді электрик мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жас Алмаз Дүйсенов.

Бүгінгі жəрмеңке қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бірлесуімен өткізілді. Жəрмеңке жұмыссыз жастармен өзге де санаттағы жұмыс іздеуші тұлғаларға арналады. Аталмыш жəрмеңке биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Жұмыс берушілер тарапынан техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары болды.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Оралдықтарға жəрмеңкеде 200-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Ноябрь 29, 2018, 12:50 0 1310 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость