Рухани жаңғыру бойынша ауқымды жұмыс басталады

Июнь 01, 2017, 12:04 945 0

Өңірде тарихи-мәдени ескерткіштердің электронды картасы жасалады. «Туған жер» жобасы бойынша бірыңғай интернет-портал құрылады.

Новости Уральск - Рухани жаңғыру бойынша ауқымды жұмыс басталады uralsk-3

Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ғалымдар, өлкетанушылдар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары, еріктілер ауқымды жұмысты бастайды. Бүгінде 80-нен астам іс-шараның жиілік кестесі жасалған. Облыстық әкімдікте өткен алқалы жиында Елбасы мақаласында жүктелген бірегей жобалар мен міндеттерді жүзеге асыру жайы талқыланды.

Сөзден іске көшу. Өңірде рухани өмірді, қоғамдық сананы жаңарту бағытында ауқымды жұмыс басталмақ. Мәселен, «Туған жер» бағдарламасы бойынша жасалған облыстық тұжырымдама 3 бағытты қамтиды.
- Біріншіден, өлкетану жұмысы. Оның ішіне білім беру, экология және абаттандыру, мәдени-тарихи ескерткіштерді тарихи қалпына келтіруді зерделеу. Екінші бағыт – туған жерді қолдау. Мұның ішіне бірыңғай интернет-портал құру, өңірлік жобалар карталарын әзірлеу, көмекке мұқтаж адамдардың картасын, еріктілер корпусы, көмек көрсететін азаматтарды ынталандыру. Және үшінші - ақпараттық қолдау, - деп түсіндірді БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан НАРЫМБЕТОВ.

Елбасы мақаласында айтылған тағы бір жоба - «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасы бойынша өлкенің қасиетті орындарын зерттеп, насихаттау да – алдағы міндеттердің бірі. Ол үшін облыстың тарихи-мәдени ескерткіштерінің электронды картасы жасалады. Зиярат етуге арналған киелі орындар маршруты құрастырылмақ. Ішкі туризмді дамыту бағыты да тыс қалмайды.

Аталған екі жобаға орай белгілі өлкетанушылар мен тарихшылар өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, 17-20-ғасырдағы құлпытастарды зерттеп, ғылыми айналымға енгізу, ұлттық баспасөз тарихы музейін ашу, электронды туристік картаның аясын кеңейту, өлкетану еңбектері бойынша байқаулар ұйымдастыру, шетелдегі мұрағаттар деректерін зерттеу сынды құнды пікірлер айтылды.

Ал «100 жаңа есім» жобасына өткен жылы ұйымдастырылған «Ұлы дала тұлғалары» экспедициясының тәжірибесі негізге алынады. Қазір бұл іске неғұрлым халықты көбірек қамту үшін ассамблея 74 бастамашыл топты құрғалы отыр.

Латын әліпбиіне көшу үрдісін жеделдету үшін ғалымдармен кездесу, танымдық шаралар ұйымдастыру, әдістемелік жинақтар шығару секілді іс-шаралар қолға алынбақ. Жиында талқыланған 4 бағыт бойынша да бейнероликтер, деректі фильмдер, тележобалар жасау жоспарланған. Барлық жобаларға да ақпараттық қолдау көрсетілмек.

Новости партнеров

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Marat

Рухани жаңғыру бойынша ауқымды жұмыс басталады

Июнь 01, 2017, 12:04 0 945 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости