Тәуелсіздіктің 25 жылдығында 25 кеме шығарылды

Октябрь 02, 2016, 12:58 50 0

Осыдан ширек ғасыр бұрын Қазақстанда кеме құрылысы өндірісінің негізі қаланды. Елімізде тұңғыш рет өз кемелеріміз суға түсіріліп, Каспий айдынының шекарасын күзетуге бет түзеді. Бұл - Тәуелсіздік тартуы. 25 жылда «Зенит» зауытымен қоса, өңірде өзге де жүздеген кәсіпорын өндіріс қуаттылығын арттырды. Өнім түрлерін көбейтіп, шаруашылық нысанын кеңейтті.

Новости - Тәуелсіздіктің 25 жылдығында 25 кеме шығарылды boat

«Зенит» зауытына биыл - 75 жыл. Бірақ кәсіпорынның тек Тәуелсіздік таңы атқан кезде ғана кеме жасай бастағанын біреу білсе, біреу білмес. Сол кезде қорғаныс саласында қызмет еткен Ахметжан Мәулешұлы Қазақстанда алғаш рет кеме өндірісін қолға алу туралы шешім шығарған комиссияның құрамында болған. Елдегі бірнеше өндіріс орнының ішінен осы Оралдағы «Зенит» зауыты таңдалынып алынған.
- Тәуелсіздікті, егемендікті қорғау керек қой. Қорғау үшін күш керек. Мәселен, Каспийде өз шекарамыз болғасын, ол жақты да күзететін жағдай керек болды. Сол мақсатпен 1993 жылы Оралға келдік. Көп зауыттарды араладық. Бірақ осы зауытқа тоқтап, біздің ұсынысымызбен, Президент осы «Зенитте» кеме жасау туралы шешімге келді. Сөйтіп, 1993 жылдан Оралда еліміз бойынша тұңғыш рет кеме құрылысы басталды, - деп еске алады сол кездері теңіз күштері құрамында еңбек еткен, ал қазір «Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директорының орынбасары АХМЕТЖАН ШОҚПЫТОВ.
Сөйтіп 1995 жылы елімізде тұңғыш рет өз кемелеріміз шығарыла бастады. Ең қызығы, биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығында зауыт өзінің 25-ші кемесін суға түсірді. Мұны ешкім әдейі есептеп, орайластырмаса да, сандар солай сөйлейді дейді «зениттіктер». Қазір мұнда қорғаныс қызметі үшін су сыйымдылығы 250 тонналық әскери кеме жасалуда. «Зенит» зауытымен қоса, өңірде Тәуелсіздік жылдары өсіп-өркендеген кәсіпорындар көп. 25 жылда 100-ден аса жаңа өндіріс нысаны іске қосылған. «Стекло-Сервис», «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы», «Орал тарсформатор зауыты» - солардың ең ірілері.
- Жалпы аймақтық өнімдегі өнеркәсіп үлесі соңғы 20 жылда 20 пайыздан 58 пайызға өсті. Тек соңғы 10 жылда өнеркәсіп саласына 1 трлн 600 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Соның көмегімен облысымызда көптеген өнеркәсіп нысаны іске қосылды, - дейді БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы ТҰРСЫН ӨТЕБАЕВА.
Ширек ғасырда өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 млрд 500 млн теңгеден 1 трлн 200 млрд теңгеге жеткен. Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімі 1 млрд 500 млн теңгеден 107 млрд-қа дейін ұлғайған.
Индустрияландыру картасы бойынша биыл құны 56,4 млрд теңге болатын 10 жоба әр түрлі деңгейлік қуаттылыққа шығады. Ал шағын және орта кәсіпкерлік өндірген өнім мен көрсеткен қызмет 15 есеге өскен. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы еселі еңбектің айғағы.

Врезка: БҚО ӨНЕРКӘСІП ДАМУЫ
Өнеркәсіп өнімінің көлемі
1991 жылы - 4 млрд 500 млн т.
2016 жылы - 1 трлн 200 млрд т.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі
1991 жылы - 1 млрд 500 млн т.
2016 жылы - 107 млрд т.

Новости партнеров

Арман Курманалиев

Marat

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында 25 кеме шығарылды

Октябрь 02, 2016, 12:58 0 50 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости