«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында БҚО тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныс түсті

Ноябрь 29, 2022, 09:57 129 0

Бұл жобаларды іске асыру үшін 2023 жылдың бюджетінде 500 млн. теңгеге дейін қарастыру жоспарланып отыр.

«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында БҚО тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныс түсті «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында БҚО тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныс түсті
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында облыс тұрғындары және қонақтарынан туған өлкемізді көркейту және дамыту үшін тың ұсыныстар мен идеялар ұсыну бойынша облыс әкімі Ғали Есқалиев жарияланым жасаған болатын. БҚО әкімдігінің хабарлауынша, бұл жобаларды іске асыру үшін 2023 жылдың бюджетінде 500 миллион теңгеге дейін қарастыру жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, екі айдан астам уақыт ішінде облыс тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныстар келіп түскен болатын. Жалпы келіп түскен ұсыныстардың басым бағыттары:
- абаттандыру және көгалдандыру, жарықтандыру және тынымбақтар, спорттық алаңдар құрылыс бойынша;
- автомобиль жолдарын жөндеу;
- мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін қолжетімді ортаны туғызу (арнайы спорт алаңдарын салу);
- көше бойында туалеттер орнату;
- қоқыстарды қайта өңдеу, қоқыстарды бөле отырып арнайы контейнерлер орнату және т.б.

Келіп түскен ұсыныстар қаралып, нәтижесінде келесі 5 жоба таңдап алынды. Олар - Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарымен кіреберіс жолдарына «Қазақстан Республикасы» және көршілес Атырау және Ақтөбе облыстары бағытындағы автожолдар бойында «Батыс Қазақстан облысы» бірыңғай логотипті құрылымды орнату. Бір құрылымның (барлығы - 7) болжамды құны 100 миллио теңгені құрайды.

Екінші жоба - Орал қаласының туристік нысандар, саябақ, парктерде және қала көшелері бойында заманауи дәретханаларды сатып алу және орнату. Инженерлік желілерге қосылу мүмкіндігін ескере отырып Орал қаласының 20-25 қоғамдық орындарында орналастыру ұсынылады. Бір нысанның болжамды құны 15 миллион теңге.

Үшінші жоба - эко-және этнотуризмді дамыту. Туристтік жолдың 1 шақырымының құны – 25,6 миллион теңге. Экотуризмді дамыту мақсатында ұсынылады:
1) Тоғайлы белес аумағында балалар және жастар үшін шағын фестивальдар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында орындықтары бар жазғы сахна және жаяу жүру жолын ұйымдастыру;
2) Желтау (Свистун гора) аумағында тұрғындар, қонақтар және туристтер үшін шолу мұнарасын (аймағын) ұйымдастыру;
3) Демалыс және фотоға түсу аймағын ұйымдастыру мақсатында жағалауда шаңырағы бар және беседкалары бар «Қыз Жібек» монументін орнату.

Төртінші жоба ретіндде Орал қаласы мен облыс аудандарының аумағына кіретін және шығатын жолдар бойында декоративті шағылыстыратын элементтері бар танымдық ақпаратты құрылымды орнату ұсынылды. Бір құрылымның жоспарлы құны 10 миллион теңгені құрайды. Құрылым ауданның эмблема мен логотип, көрнекі жерлері мен шағын ақпаратты қамтитын болады.

Бесінші жоба - «Жетпіс палуан» аңызына негізделген комикс жанрындағы кітаптар шығару. Бұл жоба аясында төрт кітап шығару ұсынылады. Отбасы институтын нығайту, Қазақстан тарихын жалпы білу және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында, батырлардың, күйші және еліміздің танымал тұлғаларының өмірі туралы комикс жанрындағы кітаптар шығаруды жалғастыруға болады. Бір кітаптың (1000 дана) жоспарлы құны 2,5 миллион теңге.

Осы жобаларды таңдау бойынша дауыс беру бүгін ашылады. Ал оның қорытындысы бойынша 2023 жылы жүзеге асыруға ұсынылатын жобалар анықталады. Әр тұрғын үш жобаға дауыс бере алады.
Дауыс беру алгоритмі:
1. App Store немесе Play Market-тен «Smart07» қосымшасын жүктейсіз.
2. «Белсенді тұрғын» парақшасына өтесіз.
3. «Сауалнамалар және дауыс беру» батырмасын басасыз.
4. 2023 жылға арналған жобаларға дауыс бересіз.

Дауыс беру кезеңі біткеннен кейін сараптамалық кеңестер бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардың тізбесін қарайды. Осы тізімге сәйкес жобалардың нақты сметалары есептеледі.

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

Арайлым УСЕРБАЕВА

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

«Халықтың қатысу бюджеті» жобасы аясында БҚО тұрғындарынан 110-нан астам ұсыныс түсті

Ноябрь 29, 2022, 09:57 0 129 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость