Жаңа əліпбидің емлесін енгізу талқыланды

Ноябрь 18, 2018, 11:41 4487 0

Баршамызға мəлім елімізде латын қарпі негізінде емле ережесінің жобасы дайындалған болатын.  Орал қаласында осы "Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғы шарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау " атты кездесу болды.

Жаңа əліпбидің емлесін енгізу талқыланды

Аталмыш шараны тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырып отыр. Тіл жанашырлары педагогтар мен студенттерге және өзге әлеуметтік топтармен кездесіп, неліктен жаңа қазақ әліпбиінің енгізіліп жатқандығын түсіріндірмек. Қазақ жазуы талай ғасырда түрлі графиканы бастан кешті. 5-7 ғасырда түрік тілдері руникалық жазумен жазба қалдырса, қазақ халқы 8 ғасырдан бастап араб жазуымен жазса, 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасымен пайдаланды. Ал, 1940 жылдан бастап күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан кириль жазуы саяси мақсатпен қолданысқа енгізілген. Өткен жылы Елбасы қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру үшін қаулы қабылдап, жаңа әліпбидің нұсқасын да бекіткені мәлім. Көпшіліктің көкейінде қыруар қаржы жұмсап, жаңа әліпбиге неге көшу керек деген сұрақ болғаны рас. Қоғамның қызу талқысына түскен мəселе төңірегіндегі пікір екіге жарылған болатын.

-"Мен латын əліпбиіне көшу дұрыс деп санаймын. Бұл болашағымыз үшін керек дұрыс қабылданған шешім. Əрине, кез-келген жаңпшылдыққа юейімделіп кеткенше қолайсыз болары табиғи жағдай. Сондықтан қарсылық білдірушілер сабырмен ғалымдар мен зиялы қауымның бастамасына қолдау білдіргені дұрыс",-дейді Алтынгүл Ысқақова есімді қаламыздың жас тұрғыны.

-"Мектеп оқушыларына қиын болады. Олар кириль əріпімен сауат ашты. Білім алды. Əсіресе бастауыш балалары. Ал ата-аналар қайтпек. Оның үстіне барлық құжатты ауыстыру қажет болады. Үлкен науқан болғалы тұр",-дейді аға буын өкілі Қадиша Бекбауова.

Бүгінгі кездесуге келген мамандар тарихи шешімнің болашақ жастар үшін жасалынып жатқандығын тілге тиек етті. Қазіргі таңда латын графикасының емлесі қоғамда талқыланып жатыр. Парламент өзгертулер қабылданғаннан соң, ғалымдардың тұжырымын бекітуі шарт. 2019-жылдан бастап бірінші рет мектеп табалдырығын аттанған бүлдіршіндер қазақ тілін латын графикасымен оқымақ. 2020-жылдан бастап жергілікті органдардың іс қағаздары да ауыспақшы.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Жаңа əліпбидің емлесін енгізу талқыланды

Ноябрь 18, 2018, 11:41 0 4487 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость