Жемқорлыққа жол бермеу жұмыстары басты назарда

Сентябрь 07, 2022, 15:22 27 0

БҚО денсаулық сақтау басқармасы жемқорлыққа жол беру фактілерін жою бағытында үнемі жұмыстанып келеді. Бұл туралы бүгін «Антикор орталығында» өткен баспасөз кеңесінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков мәлімдеді.

Жемқорлыққа жол бермеу жұмыстары басты назарда Жемқорлыққа жол бермеу жұмыстары басты назарда

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков мәлім еткендей дәрігерлер адам жанына арашасы бола жүріп, өз білімдерін үнемі жетілдіреді. Өйткені медицина мекемесінің директорлары емдеу ісімен қатар барлық заң талаптары бойынша да жұмыс жүргізуі тиіс. Ал тұрғындар тарапынан үнемі әр түрлі пікір болады, дегенмен халықтың бұл салаға көзқарасын өзгерту бағытында түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіледі.

Өйтпеске болмайды. Бұған дейін салада көптеген олқылықтар орын алды. Қазір апта сайын аумақтағы барлық денсаулық ұйымдарының басшыларымен жүйелі түрде кеңес өткізіледі.

Сала бойынша ешқандай жемқорлық фактілері тіркелмеген. Дәрі-дәрмек сату және емдеу ісінде олқылық жоқ. Ал препараттар бағасы нарыққа байланысты өзгеріп отырады. Бұл іс денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне жатпайтын көрінеді.

БҚО бойынша СЖҚҚ превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Біржан Хайруллин кез келген мемлекеттік мекеме басшысы жемқорлыққа жол бермеу үшін жұмысқа алынатын қызметкерлер туралы жан-жақты мағұлымат жиналуы қажет екенін тілге тек етті. Өйткені түптің түбінде заң аясында жоғары басшы жауапкершілікке тартылатынын ұмытпауы қажет.

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта мұндай кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұл күнгі жиынға облыстың барлық денсаулық сақтау мекемесінің басшылары қатысты.

Біз әр оқырманымызды бағалаймыз, сондықтан түсініктеме беру кезінде ұсыныстармен мұқият танысып шығыңыз.

Дана РАХМЕТОВА

Стали очевидцем происшествия?

ПИШИТЕ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Жемқорлыққа жол бермеу жұмыстары басты назарда

Сентябрь 07, 2022, 15:22 0 27 Версия для печати

Если вы стали очевидцем какого-либо происшествия

ПРИСЫЛАЙТЕ ФОТО, ВИДЕО И КОРОТКИЙ ТЕКСТ НА 8 776 863 36 36

Если ваша новость появилась на нашем сайте, вас ждет вознаграждение.

Добавить комментарий

Последние новости
Сообщить новость