8 часов назад

«7-20-25» бағдарламасының лимиті өзгерді

Қазақстандықтарға үй алуға арналған бағдарламаға өзгерістер енді.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ұлттық банк баспана алуға арналған «7-20-25» бағдарламасына өзгерістер енгізді. Ипотекалық бағдарламада лимит көбейді. Қазіргі таңда өзгерістерге байланысты Астана, Алматы, Ақтау, Атырау мен Шымкент қаласы үшін шекті сомма 30 миллион теңгеге дейін көбейді. Ал, Қарағанды шаһары үшін шекті сомма 20 миллион теңгеден 25 миллион теңгеге ұлғайды. Қалған өңір үшін 20 миллион теңгеге сомма көбейді.

«7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотекаға үй рәсімдегісі келетін жандар төлем қабілетін растап және кепілгерді тарту мүмкіндігі берілген. Ұлттық банк:«Бұл нормалар тұрғын үй қарызының қолжетімділігін артырып, тұрғын үйді сатып алу шарттарын жақсарту үшін енгізілді»,-деп хабарлады.

«7-20-25» бағдарламасына қатыстысы келетін жандар баспананың 20 пайызын жинап, бастапқы жарнасын төлеуі қажет. Ипотекалық бағдарлама 25 жылға, жылына жеті пайызбен рәсімделеді.

Аталмыш бағдарлама 2018 жылы іске қосылған еді. Ол 2029 жылға дейін жүзеге аспақ.

Қазіргі таңда 2025 жылдың екінші қазанына дейін бағдарлама аясында 1,1 триллион теңге соммаға 81,8 мың жеңілдігі бар қарыз берілген.