Ақтөбеде ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне 1 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Ақтөбе облысында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 80 жылдығына орай жәрдемақы төленді.
Ақтөбе облысында 4336 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік жәрдемақы төленді. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Жеңістің 80 жылдығына орай қазынадан бір миллиард теңгеден астам қаражат төленді. Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Грецкийге бес миллион теңге, соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1724 тұрғын 90 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы алды. Сондай-ақ Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттемелер, Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қызметшілер, Ирак пен Таулы Қарабахтағы қақтығысына, Чернобыль апатына және Семей ядролық полигонына қатысушылар мен Ленинград қоршауында болған және соғыс кезінде жарақаттан мүгедек болып қалған тұлға, майдан салдарынан қайтыс болған мүгедектің зайыбы және тыл ардагерлеріне жәрдемақы төленді.
Экспозиция моделей военной техники открылась в музее Уральска