4 часа назад

Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жазаланды

Жүргізушілер жол жүру ережесін өрескел бұзған.

Фото Polisia.kz сайтынан көшірілді

Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. 

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізіп, жол ережесін бұзғандарды анықтапты. Кейбір автокөліктерге заңсыз түрде арнайы жарық құрылғылары – жарқылдақ маяктарға еліктейтін стробоскоптар орнатылғаны белгілі болды. 

Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында аталған автокөліктерді анықтап, жүргізушілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартты. Тәртіп сақшылары жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.