5 часов назад

Қазақстанда балабақшадан бастап балаларды кәсіпке баулымақ

Пилоттық жоба 2025-2026 оқу жылында басталды.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда балаларды кәсіпке балабақшадан бастап баулымақ. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Пилоттық жоба 2025-2026 оқу жылында «Ерте жастан бастап кәсіпке және еңбекке баулу» деген атаумен жүзеге аспақ. Жобаға ел аумағында 100 балабақша қатыспақ. Министрлік пилоттық жобаға  62 мемлекеттік және 38 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме қатысатынын хабарлады. Бағдарлама төрт пен бес жастағы балаларды қамтиды.

—  Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету.Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет арқылы түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді,—  делінген оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Жоба аясында балалардың еңбекке деген қызығушылығы артады, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалмақ.