4 часа назад

БҚО-да жас отбасылар «Қаладан ауылға» бағдарламасымен баспаналы болды

Екі отбасы Казталов ауданына қарасты Көпкүтір ауылында қоныстанды.

Казталов ауданы әкімдігінің фотосы

Батыс Қазақстан облысында екі отбасы «Қаладан ауылға» бағдарламасымен ауылға көшіп, баспаналы болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жанұялар Казталов ауданына қарасты Көпкүтір ауылында қоныстанды. Олар жұмыспен қамтылып, ауыл тұрғындары атынан ірі қара мал мен ешкі мен қой сыйлапты.

 — Жоба аясында отбасымен қаладан ауылға қоныс аударған Шайхиев Фархат ауылдық мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа кірісті. Жұбайы декреттік демалыста болғанымен, жуық арада ауыл мектебінде жұмыспен қамтылады. Бағдарламаның игілігін көрген тағы бір екінші отбасыдағы үш баланың анасы Губайдоллаева Лаура ауыл мектебіне іс жүргізуші болып тұрақты жұмысқа орналасса, балаларын ауылдың негізгі мектебі мен балабақшасына орналастырды, — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұған Көпкүтір ауылына бағдарлама аясында үш жанұя қоныс аударған. Көшіп келген отбасылардың мүшелері тұрақты жұмысқа орналасып, баспана мен төрт түлікпен қамтылған. Осы уақытқа дейін Көпкүтір ауылына үш отбасы көшіп келген болатын. Тіпті, кәсіп ашамын деген жандарға қайтарымсыз грант беріліп, кәсіптерін дөңгелетуге қолдау көрсетілуде.

Казталов ауданына қарасты Көпкүтір ауылы өткен жылдан бастап «Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында елді мекендердің бірі таңдалды. Қазіргі таңда аталмыш ауылда 300 жуық тұрғын өмір сүреді.

Батыс Қазақстан облысында «Қаладан ауылға» бағдарламасы 2023 жылы іске қосылды. Пилоттық жоба 2027 жылға дейін жалғаспақ.

Казталов ауданы әкімдігінің фотосы