6 часов назад

БҚО «Ел көгінде ардагерлер» атты концерт өтті

Концерттің тақырыбы — «Ел көгінде ардагерлер», ол майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұлықтауға бағытталған.

Бүгін Орал қаласында мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК ұйымдастыруымен, «Ардагер» клубы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше концерт өткізді. Концерттің тақырыбы — «Ел көгінде ардагерлер», ол майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұлықтауға бағытталған.

Мереке аясында, Қазақ елінің майдандағы және тылдағы көрсеткен ерен ерлігіне құрмет ретінде, жас ұрпаққа елжандылық, патриотизм және тарихи жадымызды ұмытпау керек екендігі туралы терең ой салынды. Концертте «Ардагер» клубының вокалдық топтары өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер орындап, қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Мақсаты – жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, тарихты құрметтеуге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін келер ұрпаққа жеткізу болды. Әндер мен музыкалық композициялар арқылы тыңдармандар елдің бірлігі, батырлық рухы мен жеңіс күнінің маңыздылығы туралы ойланды.

Концертке қатысушылар мен көрермендер Жеңіс күніне орайластырылған іс-шараның патриоттық мәнін жоғары бағалап, мәдениет пен өнердің еліміздің тарихына деген құрметті көрсететін маңызды құрал екенін атап өтті.