5 часов назад

Орал қаласында әскери-патриоттық ойын өтті

Орал қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай жастар арасында әскери-патриоттық ойын ұйымдастырылды.

Орал қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай жастар арасында әскери-патриоттық ойын ұйымдастырылды.
БҚО әкімдігінің фотосы

Облыс орталығында «Мәңгілік ерлік – ұрпаққа үлгі» атты облыстық әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтті. Жарыстың мақсаты- жастарға әскери дағдыларды үйрету, олардың физикалық, тактикалық және зияткерлік қабілеттерін арттыру, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігін қорғаған батырларымызды үлгі ету. Оларға жеңістің тарихын дәріптеу және оның маңызын жеткізу.

Ойынға 16 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Жарыстың бағдарламасы  қатысушылардың әскери дағдылары мен физикалық дайындығын тексеретін түрлі сайыстардан құралған. Олар бес бағыт бойынша сынға түсті. Сайыс барысында әрбір қатысушының қабілеті мен дайындығы сыналды. 

Колледж студенттері сынға түскен жарыста патриоттық әндер шырқалып, меймандар театрландырылған көріністерді тамашалады. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp