• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 5769 адам көлік салығын төлемеген

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері темір тұлпар иелеріне көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керектігін ескертеді.
БҚО-да 5769 адам көлік салығын төлемеген
Фото «МГ» ақпарат агенттігінің мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында көлік салығы бойынша берешек 211 784,4 мың теңгені құрайды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Департамент таратқан ақпарына сүйенсек, өңірде 5769 адам темір тұлпарының салығын төлемепті. Егер салық төлемеген жандардың қарызы бір айлық есептік көрсеткіштен асса, мәжбірлі өндіріп алу басталады екен.

— Берешекті өндіріп алу бірнеше кезеңнен тұрады. Хабарлама – салық төлеушіге берешекті өтеу қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі. Салық бұйрығы – берешек өтелмеген жағдайда салық бұйрығы шығарылады. Оны орындауға бес жұмыс күні беріледі. Мәжбүрлеп өндіріп алу – бұйрық орындалмаған жағдайда іс материалдары әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларына жолданады, – деп хабарлады облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көлік салығын бірінші сәуірге дейін төлеуді еске салады. Жүргізушілер өткен жылдың көлігін салығының берешегін өтейді.