2025 жылы облыс орталығында ауыл шаруашылық өнімдері саудаланған 52 жәрмеңке ұйымдастырылған. Қала әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, былтыр осы жәрмеңкерлерде 126,8 тонна ет, сегіз тонна балық, 300 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, он тоннаға жуық сүт өнімдері, 8,7 тонна шұжық, 12,1 тонна макарон, 483 мың дана жұмыртқа саудаланыпты.
Жыл басталғаны ауылшаруашылық өнімдері саудаланған бес арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Олар Ықсанов көшесі мен Зачаганск кентінде өтті. Жылқы жылында оралдықтар жәрмеңкеден бес тонна ет, 400 келі балық, 3,5 тонна көкөніс, 400 литр сүт, 400 келідей шұжық өнімдері, макарон, кондитер өнімдері мен 7,2 дана жұмыртқа сатып алыпты.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы жәрмеңке 7-8 наурызда ұйымдастырылды.