16 июля в 13:25
БҚО прокуроры Серік Шалабаев қызметінен кетті
БҚО-да прокурор ауысты.
Батыс Қазақстан облысының прокуроры болған Серік Шалабаев қызметінен кетті. Облыстық прокуратура қызметте болудың шекті жасына байланысты еліміздің бас прокурордың бұйрығымен Серік Рысқалиұлы лауазымынан бостатылды деп хабарлайды.
Қазіргі таңда облыс прокурорының қызметін Шалабаевтың бірінші орынбасары болған Дәурен Умаргалиев атқаруда.
Серік Шалабаев 1965 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келіпті. Ол 1992 жылдан бастап прокуратура саласында еңбек етті. 2022 жылдың 27 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы прокурорының қызметін атқарды.
- 40 учителей ездили в командировки за свой счет в ЗКО
- Госслужащий из Уральска потратил 34 млн тенге на азартные игры