5 часов назад

Бөрлі ауданында 10000 гектар жер учаскесі шаруаларға берілмек

Биыл Бөрлі ауданында ауылшаруашылық бағытындағы 24 учаске мемлекетке қайтарылған.

Автордың фотосы

2025 жылдың екінші қыркүйегінде мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Осы жолдауда игерілмеген жер телімдерін 2026 жылдың маусым айына дейін игерілмеген жер телімін шаруаларға үлестіріп беруді тапсырған-ды.

Бөрлі ауданында келер жылдың маусымына дейін 10000 гектер жер телімін конкурс арқылы беру жоспарланған. Биыл ауданда 24 жер учаскесі жалпы көлемі 16711 гектар мемлекет меншігіне қайта өткен. Бұған дейін 2023-2024 жылдары игерілмеген 32 жер телімі үкіметтің қарауына қайта берілді. Бөрлілік шаруалар 19031,7 гектарды қайта тапсырған. 

Төрт түлікті көбейтіп, жер мен мал арқылы напақа тауып отырған жандар үшін жер керек. Мемлекет басшысының еңбек етіп, кәсібін дөңгелентіп отырған шаруаларға берілетін жер телімі көпті қуантқаны рас. 

Ауданда ауылшаруашылығына арналған жерде 332 шаруа құрылымы жұмыс істейді. Оның ішінде 265 шаруа қожалығы, 23 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 20 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мен 24 жеке кәсіпкер тіркелген.

—Бүгінде ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласы өркендеп, қарқынды дамып келеді. Жыл сайын мал басы көбейіп, өндірілген өнім көлемі ұлғайып жатыр.  Соңғы үш жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі он миллиард 553 миллион теңгеден, 11 миллирад 728 миллион теңгеге дейін немесе 11,1 % өсті. 2025 жылдың бірінші қыркүйегіне ет (тірілей салмақта) 1 755,8 тонна (103,1%), сүт 7 554,6 тонна (100,9%), 2 884 мың дана (102,1%) жұмыртқа өндірілді. 2025 жылғы бірінші қыркүйегіне жағдайы бойынша ірі қара мал басының саны 30 188 басты немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6% құрады, ұсақ мүйізді мал – 28 522 бас немесе 92,9%, жылқы – 9 474 бас немесе 100,4%, құс – 28 884 бас немесе 101,6%. Жеке тұрғындардағы мал санының үлесі: ірі қара малы – 10 252 бас (95,8%), ұсақ мүйізді мал – 18 448 бас (64%), жылқы – 2 728 бас (97%), құс – 27 775 бас (99,9%),—делінген Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми жауабында.

Төрт түлікті өсіріп, онымен күнелтіп отырған жандар үшін қысқы мал азығын қамту маңызды. Бөрлі ауданында 2025-2026 жылғы мал қыстату науқанына 33,6 мың шартты мал басы кіру күтілуде.   Қажетті мал азығының көлемі 72 500 тоннаны құрайды. Алайда, ауданы бойынша мал азығын дайындау 76 100 тонна жинау қажет деп жоспарланған.  Шаруалар жоспарды межеден артық орындалыпты. Шабылған алқап көлемі 115 700 гектарды құрайды.Орташа өнімділік центнерден 6,1 гектарды құрайды. Бөрлі ауданында оралған шөп алты мың теңгеден саудаланыпты.

Бөрлі ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер149,77 мың гектарды  құрап отыр.Ауданда егін шаруашылығын дамыту ісі жолға қойылыпты. Соңғы үш жылда егіс көлемі 68 мың гектарға жеткен. Бұрын бұл көрсеткіш 62 мың гектарды құраған. 

— Ағымдағы жылы аудан бойынша егістік алқап көлемі барлығы – 68,24 мың гектарды немесе ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің 46% құрап отыр. Атап айтсақ:

  • Күздік дақылдар алқабы- 1,16  мың га.; 
  • Жаздық дәнді дақылдар -16,67 мың га.; 
  • Майлы дақылдар - 10,47  мың га.; 
  • Мал азығы дақылдары -39,68  мың га.; 
  • Картоп- 0,150 мың га; 
  • Көкөніс- 0,105   мың га; 
  • Бақша - 0,013  мың га.

Бүгінгі күнге ауданымызда дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толық аяқталды. 17,83 мың  гектардың 1,71 гектары есептен шығарылып жиналатын 16,11 мың гектары жиналып, өнімділігі 8,8 ц/га, 14232 тонна өнім алынып отыр. Соның ішінде: 

Күздік бидай 820 гектардың 150 гектары есептен шығарылып 670 гектардан өнімділігі 13,7 ц/га 922 тонна өнім алынды;

  • Күздік қара бидай бойынша  егілген 347 гектардан өнімділігі 7 ц/га 243 тонна өнім алынды;
  • Жаздық бидай 8511 гектардың 650 гектары есептен шығарылып 7861 гектардан өнімділігі 8,1 ц/га, 6374 тонна өнім алынды;
  • Арпа 7913 гектардың 914 гектары есептен шығарылып 6999 гектардан өнімділігі 9,3 ц/га, 6507 тонна өнім алынды;
  • Сұлы 132 гектардан, өнімділігі 5,7 ц/га, алынған өнім 76 тонна;
  • Құмай 100 гектардан, өнімділігі 10 ц/га, алынған өнім 100 тонна.
  • Майлы дақылдарды жинау жұмыстары бойынша бүгінгі күнге 300 гектар есептен шығарылып,  жиналатын 10170 гектардың 6743 гектары немесе 66% жиналды, өнімділігі 8 ц/га, алынған өнім 5394 тоннаны құрады.

Картоп, көкөніс және бақша дақылдары бойынша  жиналатын 268 гектардың 74 пайызы  жиналып, 3338 тонна өнім алынып отыр,—делінген Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми жауабында.  

Бөрлі ауданында сала мамандары келер жылға арналған болжамдарымен бөлісті. Күздік дақылдардың мөлшері үш мың гектарды құрауы керек екен. Күздік бидай екі мың гектарға, күздік қара бидай бір мың гектарға белгіленген. Бүгінгі таңда Бөрлі ауданында 3,48 мың гектар жерге күздік бидай егілген. Жоспар 116 пайызға орындалыпты.

 Аудан әкімдігі:«Шаруалар мемлекет тарапынан берілетін тиісті көмекті тиімді қолдануда»,- деп хабарлады.

—  Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына көктемгі егін егу, күзгі егін ору және мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік тарапынан арзандатылған дизель отыны бөлінеді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарына жалпы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін 1,14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді,—  делінген Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми жауабында.

Ауылда табысын арттырғысы келетін жандарға арналып іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы Бөрлі ауданында 57 тұрғын несие алған. Оларға 480,1 миллион теңгені құрайтын кредит берілген. Өткен 2023 жылы 35 тұрғын 263,6 миллион теңгеге, 2024 жылы 22 адам 216,5 миллион теңгеге несие рәсімдепті.

—   2025 жылы «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барлығы 37,6 миллион теңгені құрайтын төрт  жоба бойынша өтінім тапсырылды. Аталған жобалардың үшеуі бүгінде мақұлдама алды (одобрено). Бір жоба әлі күнге қаралымда. Сонымен қатар қосымша төрт  жобаның құжаты жинақталуда. Болжамды сомасы 64 миллион теңгеге жуықтайды, —  делінген Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми жауабында.

Ауылдық жерде ауыл шаруашылығын дөңгеленту үшін тынымсыз еңбек пен су жаңа техника қажет. Бөрлі ауданында 50 ауылшаруашылық құрылымы жалпы бір миллиард, 173 миллион 82 мың 905 теңгеге 95 бірлік жаңа техниканы сатып алыпты.  

— Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субьектісі шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес 35 шаруашылықпен алынған субсидия көлемі – 184 миллион  495 мың 992 теңгені құрады.Ауданның шаруа құрылымдары соңғы жылдары жаңа технологияларын кеңінен пайдаланып, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді алып келеді,—  дейді Бөрлі ауданы әкімдігі.

Ауыл шаруашылығын күтіп, баптау үшін жаңа технологияны пайдалану мен оны қолданысқа енгізу маңызды. Бүгінгі таңда Бөрліде сегіз шаруа қожалығы 12600 гектар жерді «Электронды бақташы» арқылы қоршап, пайдасын көруде. Сондай-ақ 17 шаруа қожалығы жылқыға арналған 41 бірлік GPS трекер қондырғысын, 24 шаруа қожалығы жазғы жайылымда 27 күн панельдерін орнатыпты.