Бөрліде «Білімділер додасы» өтті
Бөрлі ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Білімділер додасы» ұйымдастырылды.
Бөрлі ауданында мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Білімділер додасы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Оның мақсаты- білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, тапқырлық пен логиканы дамыту. Сайыста Бөрлі ауданы әкімі аппараты мамандарынан құралған «Алтын Орда» командасы, Бөрлі ауданы бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен құралған “Кім? Егер біз болмасақ...”командасы, Бөрлі аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарынан құралған “Денсаулық сақшылары “ командасы, Ақсай қаласы әкімі аппараты мамандарынан құралған “Ақсай” командасы, Бөрлі ауданының полиция бөлімінің мамандарынан құралған “Қыран” командасы қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша «Денсаулық сақшылары» командасы үздік үштікті түйіндеді. Ал екінші орынға «Кім? Егер біз болмасақ...» командасы тұрақтады. Бас жүлдені «Алтын Орда» командасы қанжығалады. Интеллектуалды сайыста жақсы ойын өрнегін көрсеткен «Қыран» және “Ақсай” командасы алғыс хатпен марапатталды. Үздік капитан номинациясымен Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас инспекторы Нұрдәулет Қамидоллаұлы,“Үздік ойыншы” номинациясымен Бөрлі аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Азат Каримов марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, Бөрлі ауданында балалар арасында суицидтің алдын алуға арналған жұмыс жоспары бекітілген еді.