8 часов назад

Бөрлі ауданында балалар арасында суицидтің алдын алуға арналған жұмыс жоспары бекітілді

Аудан әкімдігі балалар арасында суицидтің алдын алуға арналған жұмыс жоспарын баяндады.

Бөрлі ауданында балалар арасында суицидтің алдын алуға арналған жұмыс жоспары бекітілді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Биыл Бөрлі ауданында жасөспірімдер арасында бір суицид дерегі тіркелген. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады. Өткен жылы ауданда қайғылы оқиғаның болғанын мәлімдеді. Аудан билігі :

— Орын алған қайғылы жағдайдан соң, білім ошағында суицидтік жағдайды болдырмау және алдын алу бағытында алгоритм бойынша жасөспірімдердің психологиялық ахуалын жақсарту мен позитивті өмірлік көзқарас қалыптастыруға байланысты мектептің психологиялық қызметі тарапынан топтық түзете-дамыту жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады.

 Бөрлі ауданында кәмелетке толмағандардың арасында суицидтің алдын алу үшін «Ашық көмек» ҚҚ, «Жастар ресурстық орталығы», «Бақытты отбасы» орталықтарының мамандарымен бірлесе аудандық аурухана, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналар жиналыстары ұйымдастырады екен. Бала өмірінің қауіпсіздігі мен жасөспірім шақтағы қиындықтары, олардың физиологиялық және психологиялық жетілуінде ата-ана қолдауы, олардың ішкі сезімдеріне үңілу туралы мамандармен пікір алмасу ұйымдастырылып, баламен қарым-қатынас кезіндегі ата-аналарға арналған жадынамалар таратылған. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен жыныстық тәрбие, зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллинг, құқықбұзушылық және суицидтің алдын алу бағытында дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды. Жас ұрпаққа өмірдің жағымды жақтарын насихаттап, салауатты өмірлік ұстаным қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары мотивациялық фильмдер көрсетіп, жасөспірімдермен кері байланыс арқылы талқылайды екен.

Кәмелетке толмағандардың арасында суицидтің алдын алу бағытында мектептің 7-11 сынып оқушылары арасында суицидтік мінез-құлықты зерделеуге орай СБА (ИСН), Зунге, Т.И.Балашов бейімдеген әдістемелері  жүргізілуде. Жас ұрпақтың психологиялық ментальді денсаулығын нығайтуға бағытталған  тәрбиелік іс-шаралар, тимбилдингтер, квест ойындары мен көңілді қоңыраулар, апталықтармен қатар түрлі интеллектуалдық, спорттық шаралар мектептің ішкі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Білім беру ұйымдарында сенім жәшігі мен сенім телефондары орналастырылды.  

Бөрлі ауданында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алу үшін олардың бос уақытын тиімді жоспарлау мақсатында аудандық білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен жастар ресурстық орталығы арқылы профилактикалық түсіндіру жұмыстарымен қатар шығармашылық, спорттық мәдени іс шаралар ұйымдастырылып келеді.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp