2024 жылы Бөрлі ауданында 2 дала өрті тіркелген
Былтыр Бөрлі ауданында 135 гектар жер жанған.

Күн жылынған шақта тілсіз жаудан келетін қауіп көп. Табиғат аясында тынығып, шиыршық ұйымдастыратындар көп. Олар кейде өрттің қауіпсіздік ережелерін естен шығарып жатады.Өткен жылы Бөрлі ауданында екі дала өрті тіркеліпті. Соның кесірінен 135 гектар жер тілсіз жау таралды. Биыл Бөрлі ауданында биыл қызыл жалын тіркелмеген.
Ауданда дала мен орман өртінен бөлек, тұрғын үй секторында тілсіз жауды алдын алу үшін түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда. Құтқарушылар мен еріктілер ақпараттық жаднама, өрт қауіпсіздігінің ережелері көрсетілген түбіртекті табыстап, аулаларды аралапты. Осындай іс-шаралар әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылады екен.
Аудан әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, Бөрліде табиғи және техногендық өрттер мен жануларды сөндіруге төтенше жағдай басқармасының үш мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі, жекеменшікке тиеселі төрт мемлекеттік емес өрт сөндіру бөлімі, ауылдық округ әкімдіктерінің жанынан құрылған 13 ерікті жасақтары мен Қарашығанақ кен орынының аумағындағы «Семсер Өрт Сөндіруші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №31,32,33,34 мемлекеттік емес өрт сөндіру бөлімдері және «Бөрлі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесі қатысады.
- Бөрлі ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында 43 жаңа кәсіп ашылды
- Бөрлі ауданында 30 мың жұмысшы маман бар
- Бөрлі ауданында су тасқыны кезеңі қорытындыланды