16 часов назад

Бөрлі ауданында 38 адам саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болды

Бөрлілік 38 адамның есімі 2001 жылы Батыс Қазақстан мұрағаттар басқармасының басып шығарған «Азалы кітап. Книга скорби» кітабына енді.

Бөрлі ауданында 38 адам саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болды
О.Каткованың суреті

Қазақстандықтар 31 мамырда аза тұтады. Бұл күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге бес миллионнан астам адам жіберілді. 

Сұрапыл жылдары қуғын-сүргіннің кесірінен 125 мыңнан астам адам зардап шекті. Оның 25 мыңға жуығы ату жазасына кесілді. 

Соның кесірінен қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласында тер төккен зиялы қауым өкілдері жер жастанды.

Бөрлі ауданында осы саяси қуғын-сүргінде  қудаланған, қаза тапқан 38 адамның есімі «Азалы кітапқа» еніпті. Жинақты 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының мұрағаттар басқармасы шығарды. 

Биыл аудан көлемінде сұрапыл жылдары түрлі теперіш көріп, өмірімен қоштасқан жандарды еске алуға арналған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылмақ. 

Шаралар аудандық тарихи-өлкетеану музейінде, аудан мектептері, кітапханалар мен ауылдық мәдениет үйлерінде көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған.

- Музейде «Ұмытылмас тағдырлар» атты тарихи сағат, аудан мектептерінде оқушыларға «Саяси құғын-сүрген құрбандарын еске алу»  бейнефильдер көрсету, «Репрессия құрбандары болған жерлестерім» тақырыбындағы таңымдық сабақтар,  «Ерлерді ұмытпаса, елі ұмытпас» сыныптан тыс шаралар өтпек. Мәдениет үйлері мен кітапханаларда тарихи кештер, дөңгелек үстелдер мен кітап көрмелері ұйымдастырылады, - деп Бөрлі ауданының әкімдігі хабарлады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp