Бөрлі ауданында суға түсуге арналған 2 ресми орын бекітілген
Бөрлі ауданында суға түсу маусымына дайындық жүргізілуде.

1 маусымнан бастап Қазақстанда суға түсу маусымы басталады. Күн жылынған шақта өзен-көлдердің жағасында демалатын жандардың қатары көбейеді. Осы тұста құтқарушылар суда сақтық ережелерін ұстануды еске салады. Ең алдымен белгілеген аймақта шомылған абзал.
Бөрлі ауданы әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, ауданда суға түсуге арналған екі ресми орын бар. Оның бірі Ақсай қаласының Аралтал ықшамауданында орналасқан. Енді бірі-Бумакөл ауылында орналасқан Шыңғырлау өзенінің жағасындағы жағажай. Өткен жылы ауданда адамдардың суға кеткен жағдайы тіркелмепті.
Десек те, суға түсу маусымында дайындық жүргізіп жатыр. Аудан әкімдігі су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында аудан әкімімен тиісті жоспар бекітіпті. Жоспарға сай жұмыстар да атқарылуда. Ауқымды профилактикалық жұмыстар, тиым салынған жерлерде тиісті белгілерді орнату, құзыретті мекемелермен өткізіліп жатырған рейдтік, патрульдеу іс-шаралары қолға алынған.
- Бөрлі ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында 43 жаңа кәсіп ашылды
- 2024 жылы Бөрлі ауданында 2 дала өрті тіркелген
- Бөрлі ауданында су тасқыны кезеңі қорытындыланды
Фото: pexels.com