13 часов назад

БҚО-да бір адамнан бруцеллез анықталды

Жұқпалы дерт Қаратөбе ауданында тіркеліпті.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Биыл Батыс Қазақстан облысында бруцеллезді жұқтырған бір адам анықталды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаратөбе ауданының тұрғыны жұқпалы індетті жұқтырыпты. Өткен жылы бруцеллездің жеті жағдайы тіркелді. Былтыр ауруды жұқтырған бес адам Ақжайық ауданында, Бәйтерек пен Жаңақала ауданында сырқатқа шалдыққан бір адамнан тіркелді.

Бруцеллез індеті ауру малдан адамға төлдету немесе сою кезінде жиі жұғады екен. Сондай-ақ қайнатылмаған сүт, ірімшік пен қаймақ, термиялық дұрыс өңделмеген етті тұтынған кезде де індет таралуы мүмкін.

Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің мамандары адамдар арасында бруцеллез дертінінің таралу мен оны жұқтыру дерегін азайту үшін профилактикаға ден қоюға кеңес береді. Төрт түліктің өнімін дұрыс өңдеу. Сүтті қайнатып, етті толық пісіріп тұтыну қажет. Малды сойған немесе күтіп-баптаған кезде жеке қорғаныс құралдарын пайдаланып, түлікті ветеринарлық бақылаудан өткізуді ұмытпау керек. Мамандар сапалы өнімді тұтынуды еске салады.

Қазақстанда COVID-19 дертінің эпидемиологиялық жағдайы тұрақты