09 июля в 17:20
БҚО-да жөнделіп жатқан мектептің интернаты өртке оранды
Қызыл жалын Казталов ауданына қарасты, Қараөзен ауылында тіркеліпті.
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданына қарасты Қараөзен ауылында интернат- лицей-мектебінде өрт шықты. Қызыл жалын 388 шаршы метр алаңда таралған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің келтірген мәліметіне сүйенсек, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Интернат күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сала мамандары қызыл жалынның шығу себебі анықталуда,- дейді. Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 13 адам, екі бірлік техника жұмылдырылған.