Оралда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Өрт сөндірушілер Құрманғазы көшесінде орналасқан көпқабатты баспанадан 23 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Оралда Құрманғазы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады. Департаменттің таратқан ақпарына сүйенсек, көпқабатты тұрғын үйдің үшінші және тоғызыншы қабат аралығында электр қалқанында сымдардың жануы тіркеліпті. Өрт сөндірушілер 23 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялапты. Автосатымен және баспалдақ маршымен бес адамды түсірген. Оның екеуі-бала.
Төтеншеліктер өрт жедел түрде сөндірілгенін хабарлады. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, жеке құрамның 18 адамы, алты бірлік техника жұмылдырылыпты.
Қызыл жалын және оқыс оқиға болса 101,112 нөміріне хабарласу керек.
БҚО ТЖД фотосы