Биыл Ақтөбеде 158 аула абаттандырылады
Ақтөбеде биыл жазда 158 ауланың көркі кіріп, абаттандырылмақ.

Биыл Ақтөбеде 158 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің таратқан ақпарына сүйенсек, жөндеу жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу, асфальт астына геoторлар орнату, кіреберістерді асфальттау, бордюр орнату, жаңбыр суын ағызу жүйесі, жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатылуда. Атқамінерлер жөндеу жұмыстары барысында тұрғындардың пікіріне құлақ асамыз деседі. Аулалардың бірінде тұрғындардың сұранысы сай, автотұрақтар кеңейтілсе, енді біріне балалар мен спорт алаңдары салынуда.
Облыстық әкімдік Ақтөбе қаласында келесі жылы тағы 100 аула жөнделетінін хабарлады.