12 часов назад

Оралда Республика күнінде 26 бала дүниеге келді

Дүние есігін ашқан шақалақтардың 14 ер бала, 12-қыз бала.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

25 қазан Республика күнінде Орал қаласында 26 сәби дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Дүниеге келген шақалақтардың 12- қызы бала, қалғаны ер бала екен.

Ал, ел аумағында мереке күні 709 нәресте дүниеге есігін ашты. Сәбилердің ішінде 359 ұл, 350 қыз дүниеге келді.

 —  Бір тәуліктік ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 босандыруды жүзеге асырғанын айта кеткен жөн.Жаңа туған нәрестелердің арасында бес жұп егіз бар, бұл мерекенің тағы бір қуанышты оқиғасы болды, —  деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.