4 часа назад

Оралда 3 жыл бойы жалған счет-фактура жасаған адам құрықталды

Бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны 2022-2025 жылдары заң бұзған.

БҚО экономикалық тергеп-тексеру департаментінің видеосынан стоп кадр

Оралда жалған счет-фактура жасаған адам құрықталды. Бұл туралы облыстық экономикалық тергеп- тексеру департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қолға түскен тұрғын бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Бірақ ол түзу жолға түспей, қайтадан заң бұзған.

 Күдікті компанияларға қызмет көрсетпей, құжат жүзінде жазылған тауарларды жөнелтпей, жалған счет-фактураларды жазумен айналысқаны анықталды. Жалған құжат жасаған адам 17 компанияны өзге адамгершілік нормаларын ұстанбайтын тұрғындарға рәсімдепті. 

  — Жазылған шот-фактуралары бойынша ақша айналымы екі миллиард теңгеден асқан. Аталған кәсіпорындар құрылыс, арнайы техниканы жалға беру және тауар-материалдық құндылықтарды жеткізу саласында жалған қызмет көрсетумен айналысқан. Сонымен қатартбұл кәсіпорындардың қажетті қызметкерлері, негізгі құралдары мен арнайы техникасы болмаған. Қызмет еткен кезеңде небәрі 2,3 миллион  теңге салық төленген,  — делінген Батыс Қазақстан облысы экономикалық тергеп- тексеру департаментінің хабарламасында.

Экономикалық тергеп тексеру департаментінің қызметкерлері қылмысты ұйымдастырушы көрсеткен қызметі үшін заңсыз сыйақы ретінде айналымдағы ақшалай қаражат сомасының пайызын алып отырған хабарлады.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті үй қамақта отыр.