Оралда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке 18 шілдеде, Қайрат Жұмағалиев 16 мекенжайында өтеді. Шара кешкі алтыда басталады.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Облыс орталығында жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтпек. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға арналған игі жоба 18 шілдеде Жұбан Молдағалиев ескерткішінің алдында, Қайрат Жұмағалиев 16 мекенжайында ұйымдастырылады.

Жәрмеңке кешкі алтыда басталмақ. Бос орындар жәрмеңкесін Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы  ұйымдастырады. 

«JOB START: ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘРМЕҢКЕСІ» аясында жастар бағдарламаның шарттары мен мүмкіндіктері туралы сұрай алады. Олар мамандардан тегін кәсіби кеңес ала алады. Жәрмеңкеге 20-дан астам жұмыс беруші мекеме қатысады деп жоспарлануда.