Қазақстанда халықаралық әуежайларда туристтер үшін QR-код жүйесін енгізді

Жаңа жүйе шетелдіктерді алаяқтардан қорғауға көмектеспек.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанның халықаралық әуежайларда туристер үшін арнайы QR-код жүйесін енгізді. Жаңа жүйенің ерекшеліктері туралы үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтып берді. Министрдің сөзіне сенсек, QR-код шетелдік азаматтарға қажетті ақпарат алуға көмекпеспек. Осылайша, туристердің алаяқтарға алданып қалуын азайтпақ. Жаңа жүйе электронды SIM-карта, ресми такси қызметтері, қонақ үйлерді онлайн брондау, шетел азаматтарын тіркеу тәртібі және өңірдегі басты туристік нысандар туралы ақпаратты қамтиды. Ербол Мырзабосынов «бұл бастама туристерге қаланы оңай аралауға және қажетті ақпаратты жедел алуға көмектеседі», деп есептейді.

Өткен жылы Қазақстанға 15 миллионнан астам астам турист келді. Олардың 10,4 миллионы елде бір күннен көп уақыт өткізіп, шетелдік турист мәртебесіне ие болған. Сонымен қатар былтыр ел ішінде саяхаттаған отандық туристер саны 10,5 миллионға жетті.