2024 жылы Қазақстанға 15 млн турист келген
Өткен жылы 10-нан астам қазақстандық ел бойынша саяхаттапты.

Өткен жылы елімізге 15 миллионнан астам шетелдіктің табаны тиіпті. Бұл туралы үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Министр ішкі туризмнің де айтарлықтай өскенін хабарлады. 2024 жылы он миллионнан астам қазақстандық ел аумағында саяхаттапты.
Ербол Мырзабосыновтың сөзіне сенсек, соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін ашық елген айналған.
Бүгінгі таңда 87 елдің азаматы еліміге визасыз, 107 мемлекеттің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы да кеңейіп келеді екен. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен дылы 22 жаңа маршрут іске қосылған. Биыл тағы 32 маршрутты жоспарланыпты.